Кішкентай бүлдіршін емделушілердің денсаулығын қорғау жолында
Университетіміздің «Ақсай» клинасында ішкі органдар қызметінің бұзылуына әкеп соғатын сколиоздың күрделі деңгейіндегі науқас балаларға бірегей төрт ота жасалды. Үш науқас эндокорректор құралының ішінара ауыстыру мен түзету мақсатында отаның екінші кезеңіне түсті.
Клиникадағы оталар Астана қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ортопедия бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Т.С. Анашевпен бірлесе жасалды.
Төрт бүлдіршін отадан еш асқынусыз өтіп, емханада емделуге жіберілді.
Ата-аналар және әкімшілік балалар арасында омыртқаға күрделі оталарды сәтті жасап, кішкентай бүлдіршін емделушілердің денсаулығын қорғау жолында еңбек ететін клиниканың барлық дәрігерлері мен қызметкерлеріне алғыс білдіреді.