Көрнекті дәрігер Нагима Мамедалиева ҚазҰМУ студенттерімен кездесті
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Мамедалиева Нагима Мусралиевнамен кездесу өтті.
Кездесу 12 сәуір Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні және Ғарышкерлер күні өтті. Кездесу аты аңызға айналған дәрігер, медицина ғылымдарының докторының 75 жылдығына арналды. Нагима Мусралиевна ғылыми жұмыс пен емдеу-кеңес беру және педагогикалық қызметті сәтті үйлестіре білді. Ол жоғары білікті акушер-гинеколог дәрігері болып табылады. Оның басшылығымен Қазақстанның акушер-гинеколог ғалымдарының тұтас тобы дайындалған. Бүгінде дәрігердің шәкірттері еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының кафедраларын басқарады және Нұр-сұлтан және Алматы қалаларындағы ұлттық акушерия және гинекология ғылыми орталықтарының жетекшілері болып табылады.
ҚазҰМУ проректоры Убайдилла Датхаев Нагима Мусралиевнаға университетке келгені үшін алғысын білдірді.
«Университет сіз үшін бөтен емес, сіз осында білім алдыңыз. Қазір біз көптеген көрнекті тұлғалар келген Төрегелді Шарманов атындағы Даңқ залында тұрмыз. Біз ғылыми әлеуеті жоғары зерттеу институты болып табыламыз. Біз Scopus деректер базасында жарияланымдар бойынша ғылымның көшбасшысы болып табыламыз. Біздің докторанттарымыздың нәтижелері жоғары, патенттер саны көп. Біздің бастамаларымызға сіздердің қолдауларыңызға да ниеттіміз», – деді ол.
Сонымен қатар, проректор ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожинның жолдауын жеткізді.
«Негізінен Сіздердің арқаларыңызда отандық ғылымның қалыптасуы мен дамуының қиын кезеңін сәтті еңсеріп, қазақстандық зерттеушілердің бірнеше буынының сабақтастығын сақтап қалуларыңызға мүмкіндік туды. Сіздердің құрған ғылыми мектептеріңіз жаңа буын студенттері мен жас зерттеушілерге жоғары жетістіктерге жету үшін дұрыс бағыт – бағдар беретін алтын қор болып табылады», – делінген аталмыш хатта.
Жалпы медицина 2 мектебінің деканы Гүлжан Шопаева ҚазҰМУ студенттерге бұл өте қажет екенін алға тартты.
«Бізде үлкен жетістіктерге жеткен атақты адамдарды шақыру дәстүрге айналды. Бұл кездесулер студенттерге ынта-жігер береді. Акушерия гинекология саласы студенттер арасында өте танымал. Әрине қиын, бірақ медицинаның ерекше саласы. Өмірге жаңа адам келуге көмектеседі. Адамның денсаулығы, болашағы акушер дәрігердің кәсібилігіне байланысты болмақ. Мен бұл кездесудің емен-жарқын өтуіне тілектеспін», – деді ол.
Нагима Мусралиевна өз сөзінде медицинада алғашқы қадамдарын қалай жасағанын, медицина және ғылымның озық тұлғаларымен кездесулер туралы, көргені мен түйгені, жас дәрігерлер үшін нені түсіну маңызды екеніне тоқталып кетті.
Оның айтуынша, медицинаны өмір жолы ретінде таңдауға анасын емдеген дәрігер әсер еткен, ол үлгі беріп жас Нагиманы дәрігер болуға шабыттандырды.
«Менің әкем 9 сыныпта қайтыс болды. Инсульт болды. Анам 4 баласымен жалғыз қалды, ол небәрі 36 жаста еді. Мен ең үлкенімін. Көптеген адамдар: «Нагима мүмкін оқуға түспей, жұмыс істеуге барасың», – деп айтатын. Мен де бұл дұрыс шығар деп ойладым. Бірақ менің анам өте мықты адам, сол кісінің арқасында бәрі – ол маған «Сен жақсы оқыдың, дәрігер болғың келеді, сен оқуға түсуге барасың», – деді.
Мен күндіз-түні оқыдым, өйткені мен маған жүктелген жауапкершілікті сезіндім. Анам мені үміт артып жіберді, оған жалғыз өзіне өте қиын болды. Дәл осы аудиторияда біз дәрістерге бардық. Бұл менің институтым. Шынында да, біздің балалар оқу бітіргеннен кейінгі кездесулерде: «Біз сені еш кештерде көрмедік», – дейді. Өйткені мен күні-түні сабақ оқыдым», – дейді ол.
Институттан кейін Нагима Мусралиевна Шымкент және Сарыағаш аудандарында жұмыс істеп, үлкен кәсіби мектептен өтіп, өзіне жауапкершілік алуға үйренді.
«Мен өздігімнен жұмыс істеуге тырыстым, мен әрбір акушерлік-гинкология журналдарын қыртысынан қыртысына дейін оқыдым – әріптестеріммен жаңа препараттар туралы сабақ өткізетінмін. Кезекшілікте қалып, үлкен жауапкершілікті сезіндім. Жұмыс уақытынан кейін жедел қызмет атқардым — ауылдарға, станцияларға бардым. Егер сіздерді ауданға жіберсе, қашпаңыздар. Бұл сіздердің бойыңызда жауапкершілік, дербестік, мамандығыңызға деген сенімділікті тудыратын үлкен мектеп», – деп кеңес берді ол студенттерге.
ҚазҰМУ студенттері Нагима Мусралиевнаға көптеген сұрақтар қойды, дәрігер оларға егжей-тегжейлі жауап беруге тырысты.
Нагима Мусралиевна «Ерен еңбегі үшін» және «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің Үздігі» медальдарымен және Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. 2006 жылы ғылым қайраткерлері номинациясы бойынша Жыл адамы аталды. 600 астам жарияланымы, 52 өнертабыс патенті, 12 монографиясы, үш оқу құралы бар. Оның жетекшілігімен 11 докторлық және 28 кандидаттық диссертация қорғалды. 2013 жылдан бастап ҚазҰМУ акушерия және гинекология бойынша интернатура және резидентура кафедрасының профессоры қызметін қоса атқарды. Қалтқысыз қызмет еткен жылдары үлкен жолдан өтті, баға жетпес тәжірибе жинақтады. Нагима Мусралиевна көмекке мұқтаж емделушілер мен әріптестерімен білімі мен дағдылармен жанқиярлықпен бөліседі. Медицинада жарты ғасырдан астам уақыт бойы мыңдаған аналар мен сәбилер дәрігерге сенімді қолдары мен жан жылуы үшін ризашылығын жеткізуде.