Латын әліпбиі – жастар болашағы
ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру бастамасын қолдау мақсатында Тәрбие жұмысы және білім алушыларды әлеуметтік қолдау бөлімі, халықаралық медицина факультеті және тілдік пәндер кафедрасы өткізіп жатқан «Латын әліпбиі – жастар болашағы» атты апталықтың қорытындысы ретінде факультеттер мен мектептер арасында қазақ жазуы тарихы және қазақ тілі бойынша викториналық сұрақтарға жауап беруден және қазақтың танымал ақындарының латын әліпбиімен жазылған өлеңдерін мәнерлеп оқудан командалық жарыс болды.
Аса тартысты өткен сайыста фармация мектебінің студенттерінен құралған команда бірінші орынға ие болса (А.Тұңғышбаева, А.Құмар, З.Рысқұл), екінші орынды қоғамдық денсаулық сақтау факльтеттерінің студенттері (М.Төрегелді, Б.Суюндикова, Б.Гайдарқызы) иеленді, ал үшінші орынды бірдей балл жиған педиатрия (А.Көңілтай, А.Серікбай, М.Қасымбекова) және жалпы медицина факультеттерінің студенттері (Н.Бәкір, Г.Нарзуллаева, А.Қойбағарова) бөлісті. Сондай-ақ қазақтың танымал ақындарының латын әліпбиімен жазылған өлеңдерін мәнерлеп оқудан үздік деп халықаралық медицина факультетінің студенті Лесбай Дана, педиатрия факультетінің студенті Қасымбекова Мадина және стоматология фаукультетінің студенті Батыр Мақпал танылды.
Бұл байқау студенттердің қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуін қолдайтынын, олардың бұл әліпбимен жазып кете алатындықтарына көз жеткізіп отыр.