«Мамандықтағы Үздік» республикалық байқауының конкурстық комиссиясының ЖОО кезеңінің қорытындысы
ЖОО кезеңінің конкурстық комиссиясының 2025 жылғы 12 мамырдағы шешімімен (жинаған балдары негізінде) «Мамандықтағы Үздік» республикалық конкурсына қатысу үшін ұсынылды:
1) Кожанова Калданай Каржауовна, инженерлік пәндер және тиісті практика кафедрасының меңгерушісі – «Медициналық ЖОО-ның үздік оқытушысы» номинациясы бойынша (619,934 балл);
2) Набиев Ергали Нугуманович – «Денсаулық сақтаудағы үздік ғалым» номинациясы бойынша травматология және ортопедия кафедрасының профессоры (2700,5 балл).
Өңірлік конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген байқауға қатысушылар оған Апелляциялық комиссияға шағымдана алады.
Өтініштер 2025 жылғы 13 мамыр сағат 12.00-ге дейін 104 кабинетте (ректорат) қабылданады.