Марат Шоранов ҚазҰМУ ұжымын Наурыз мерекесімен құттықтады
Құрметті ҚазҰМУ-дың үлкен медициналық жанұясы –
студенттер, оқытушылар, қызметкерлер!
Құрметті түлектер!
Құрметті студенттеріміздің ата-аналары!
Сіздерді көктемнің шуағымен бірге келетін, жаңару мен жақсылықтың, бірлік пен үміттің жарқын мейрамы – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке, шаттық пен татулық, жүрекке жылулық сыйласын. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, бейбіт өмір, молшылық пен өркендеу тілеймін. Көктемнің нәзік лебі жүректеріңізге шабыт дарытып, жаңа күш, жарқын өзгерістер мен игі бастамалар әкелсін.
Студенттеріміздің ата-аналарына ерекше алғысымды білдіремін. Сіздерге перзенттеріңізге деген шексіз мейірімдеріңіз, қамқорлықтарыңыз бен қолдауларыңыз үшін зор ризашылығымды айтқым келеді. Адамгершілік, білімге құрмет пен еңбекке адалдық сияқты асыл қасиеттер ең алдымен отбасыда қалыптасады. Балаларыңыз аман, бақытты, білімді болып, сіздердің сенімдеріңізді ақтасын.
Университетіміздің профессор-оқытушылар құрамына және қызметкерлеріне мықты денсаулық, шығармашылық табыс, жемісті еңбек пен жаңа жетістіктер тілеймін. Студенттерімізге сенім, биік мақсаттар мен жарқын жеңістер серік болсын.
Елімізде әрдайым бейбітшілік болсын. Тәуелсіздігіміз нығайып, бірлігіміз бекем бола берсін.
Баршаңызға көтеріңкі көңіл күй, жылы жүздесулер мен жақсы демалыс тілеймін. Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметпен,
ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов


