МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «САМАРҚАН-2020» ОЛИМПИАДАСЫ
2023 жылдың 15-16 желтоқсан күндері Самарқан мемлекеттік медицина университетінде (Өзбекстан Республикасы) дәстүрлі болған медициналық ЖОО студенттері арасындағы IV Халықаралық «Самарқан-2020» атты Олимпиадасы өз мәресіне жетті. Осы үлкен шараға 670-тен астам студент офлайн, 4141 студент онлайн форматында, 84 медициналық жоғары оқу орындарынан, соның ішінде Қазақстан, Кыргызстана, Тәжікстан, Ресей, Туркия, Азірбайжан, Беларусь және Украина мемлекеттерінен келіп қатысты. Сонымен қатар, университет ректорларымен қоса шетелдік, республикалық жетекші медициналықтЖОО-нан 80-нен астам профессорлары қатысты.
Медициналық ЖОО студенттері арасындағы IV Халықаралық «Самарқан-2020» Олимпиадасы қатысушылардың ғылым жолына тартылуына өз үлесін қосудан бөлек жаңа мықты қарым-қатынас орнауының негізін қалады.
Қатысушылар 2 этап: тестілеу және тәжірибелік дағдыларды демонстрациялаумен қоса ауызша сұрақтарға жауап бойынша жарысты беру. 670 студент офлайн форматы бойынша, өз білімдері мен дағдыларын 7 ұрпақтағы әлемдік стандарттағы робот-симуляторларда көрсетті. Олимпиада дәстүрлі 3 тілде өткізілді – өзбек, орыс, ағылшын.
42 команда арасында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Олимп» командасы офлайн форматта №1 ЖТД кафедрасының ассистенті м.ғ.м. Исаева Қорлан Құдайберген қызының басқаруымен және м.ғ.к. АЕП кафедрасының профессоры Нурғалиева Жанар Жеңісқызының үлесімен лайықты қатысып жүлделі орындарға иеленіп дипломдармен марапатталды:
- «Жас ғалымдар ғылыми жобасы конкурсы» секциясы бойынша:
Исмаилов Шахмурат Таиржанович, 7 курс, №2 Жалпы медицина мектебі бойынша – 2 орын дипломға иеленді (ғылыми жетекшісі – м.ғ.д. фтизиопульмонология кафедрасының профессоры Рақышева Анар Садвакасовна);
- «Ортопедиялық стоматология» секциясы:
Усербай Сакен Амангельдыұлы, 5 курс, стоматология мектебі – Номинация иегері (ғылыми жетекшісі – м.ғ.қ. ортопедиялық стоматология кафедрасының доценті ассоциирленген профессор Нысанова Бахыт Жакеновна
- «Терапевтикалық стоматология» секциясы (бара алмай қалды!):
Искиндерова Нурдана Бахытжановна 5 курс, Стоматология мектебі (ғылыми жетекшісі – м.ғ.қ. терапиялық стоматология кафедрасының доценті Сухочева Татьяна Михайловна ;
- «Балалар стоматологиясы» секциясы:
Явуз Дарья Экремовна, 5 курс, стоматология мектебі – Диплом 2 орын (ғылыми жетекшісі – балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенті Еркебаева Жамиля Умирзаковна);
- «Хирургиялық стоматология» секциясы:
Ежиков Асыл Алмасович, 5 курс, Стоматология мектебі– Диплом номинация «Авицена оқушысы» (ғылыми жетекшісі– кафедра ассистенті Талимов Какимжан Кенжекович);
- «Онкология» секциясы:
Жандарбек Мирас Ілиясулы, 6 курс, №2 Жалпы медицина мектебі бойынша – Диплом 2 орын (ғылыми жетекшісі – №1 ЖТД кафедрасының ассистенті м.ғ.м. Исаева Қорлан Құдайберген қызы);
7. «Неврология» секциясы:
Абилдахан Ермек Алмазханулы, 6курс, №2 Жалпы медицина мектебі бойынша – Диплом номинация «Триумф разума» (ғылыми жетекшісі – №1 ЖТД кафедрасының ассистенті м.ғ.м. Исаева Қорлан Құдайберген қызы);
8.«Офтальмология» секциясы:
Серғалы Гулім Маратқызы, 6 курс, №2 Жалпы медицина мектебі бойынша – Диплом 3 орын (ғылыми жетекшісі – м.ғ.д. №1 ЖТД кафедрасының профессоры Тажиева Айгуль Есентайқызы.
9.«Фармакология» секциясы:
Әзімхан Жұпар Жандосқызы, 3 курс, Педиатрия мектебі – Диплом 3 орын (– ғылыми жетекші – м.ғ.к. ассоциирленген профессор Сатбаева Эльмира Маратқызы).
10.«Балалар хирургиясы» секциясы:
Журавлев Никита Сергеевич, 5 курс, Педиатрия мектебі – Диплом 2 орын (– ғылыми жетекшісі – м.ғ.к., – Балалар хирургиясы кафедрасының доцентіва Смагулова Динара Урандасовна);
11.«Педиатрия» секциясы:
Васильев Михаил Алексеевич, 5 курс, Педиатрия мектебі – Диплом 3 орын ((– ғылыми жетекшісі – м.ғ.к. АЕП кафедрасының профессоры Нурғалиева Жанар Жеңісқызы).
Онлайн форматта қатысқандар:
«Микробилогия» секциясы:
№ Факультет Курс Аты-жөні Марапаттары мен номинациялары 1 Стоматология 3 Дауылбекова Гульдияра 3 орын 2 Қоғамдық денсаулық сақтау 2 Кожахметова Дания 3 орын 3 Қоғамдық денсаулық сақтау 2 Жанатханкызы Акнур 3 орын 4 Стоматология 2 Елубай Нурай Ситуациялық тапсырманы шешудің үздігі 5 Стоматология 2 Бактыгалиева Амина Мәселені шешуде ғылыми тәсілді қолдану үздігі 6 ЖММ-1 (ШОМ-1) 2 Кайролда Бекасыл Білім шыңының үздігі 7 Қоғамдық денсаулық сақтау 2 Данияркызы Бибит Риторика 8 Қоғамдық денсаулық сақтау 2 Сабырова Дарига Сананың жеңісі 9 Стоматология 2 Искалиев Султан Абсолютті чемпион 10 Қоғамдық денсаулық сақтау 2 Амир Айерке Авиценна студенті «Оперативті хирургия және топографиялық анатомия» секциясы – ғылыми жетекші – м.ғ.к., доцент Абдыкеримова Кулмира Белгожа қызы:
Дюсекова Айнура, 3 курс, №2 Жалпы медицина мектебі – Диплом номинация «Решение проблемы»
Альжан Адемау, 3 курс, №2 Жалпы медицина мектебі – Диплом 3 орын;
Бондарь Анастасия, 3 курс, №2 Жалпы медицина мектебі – Диплом номинация «На вершину знаний».
Ерекше айтып өтетін жайт IV Халықаралық «Самарқан-2020» Олимпиадасы Комитетінің жоғары деңгейдегі ұйымдастыру жұмысы және құшақ жая қарсы алуы. Соның ішінде бізге жауапты болған педиатрия факультетінің декан орынбасары Мирза Мурадович Юсуповтың жұмысын айтып өткен жөн. Осындай деңгейдегі шаралар студенттердің ғылыми жұмысқа қызығушылын ғана арттырмай, сонымен қатар интеллектуалдық потенциалын дамуына үлесін қосады.