«МЕНТАЛЬДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ COVID-19» конференциясында үздік мамандар сөз сөйледі
ҚазҰМУ «МЕНТАЛЬДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ COVID-19» атты ауқымды конференция өтуде. Оған Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Болгария, Польша және Литва елдерінің психиатрия және психология саласындағы үздік мамандары қатысты.
Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығының президенті Сағат Алтынбеков «МЕНТАЛЬДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ COVID-19» конференциясы аясында өтіп жатқан «Ментальды денсаулық саласындағы жас ғалымдар мектебінің» ашылуында сөз алғанда атап өткендей, бұл ҚазҰМУ және бүкіл Қазақстан үшін бірегей оқиға.
«Университетіміздің тарихында алғаш рет дәл осы ментальды денсаулыққа арналған Университет күндері өткізіліп жатыр. Бұл бүкіл ғаламшардағы пандемия толқынына негізделді. Біз 2019 жылдың өзінде психикалық денсаулық саласының мамандарының съезін өткізуді жоспарлаған едік, бірақ пандемия жоспарларымызды өзгертті. Сонымен бірге, коронавирус індеттің ауыр зардаптарының бірі психикалық бұзылулар екенін көрсетті. Осы күнге дейін, көбіміз практика барысында науқастарда депрессивты бұзылыстар, есте сақтау қабілетінің нашарлауы және де басқа да ақаулар болуымен бетпе-бет кездестік.
Мен ҚазҰМУ және денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына психиатрия саласына жасаған қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Соңғы он жыл аралығында 2017-2018 жылдарға дейін психиатрияға 30-40 грант бөлінді. Бірақ 2019 жылдан бастап екі жыл бойы жыл сайын 150-ден астам грант бөлінуде. Мұның өзі, қомақты қаржы және зор үміт. Осы жағдайға орай, денсаулық сақтау министрлігіне танытқан түсіністігі үшін алғысымды білдіремін», – деді ол.
Конференцияда м.ғ.д., профессор, РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері, «В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» директоры, Ресей психиатрлар қоғамының президенті Незнанов Николай Григорьевич – «Соматикалық аурулардың және депрессияның коморбидтілігі» тақырыбында өз баяндамасын ұсынды. м.ғ.д., профессор, Дүниежүзілік психиатриялық Қауымдастығының Бас хатшысы Морозов Петр Викторович – «21 ғасыр психиатриясының ауырсыну нүктелері» тақырыбында баяндама жасады.
Іс-шара барысында м.ғ.к., доцент, Қырғыз психиатриялық қауымдастығының президенті, И.К. Ахунбаев атындағы ҚММА психиатрия, наркология және клиникалық психология кафедрасының меңгерушісі Галако Татьяна Ивановна клиникалық медицинаның әртүрлі бағыттарында антидепрессанттарды тиімді қолдану туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар, м.ғ.д., профессор, «В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» психиатрия және шекаралық бұзылуларды емдеу бөлімінің бас ғылыми қызметкері Розанов Всеволод Анатольевич «Суицидті түсіндіретін заманауи модельдер және олардың суицидологиялық зерттеулер үшін маңызы» тақырыбында баяндама жасады. Түскі астан кейін психонейрофармакогенетика және мазасыздық күйі мәселелеріне арналған баяндамалар ұсынылды. «В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» бас ғылыми қызметкері, жеке психиатрия және неврология орталығының жетекшісі Насырова Регина Фаритовна және м.ғ.д., профессор, «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» РҚБ – биологиялық психиатрия қауымдастығының президенті Асимов Марат Абубакриевич баяндама жасады.