«Менің денсаулығым – менің құқығым». Қазақ ұлттық медицина университетінде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтті
Бүгін 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ұжымы мен студенттері еліміздегі жетекші медицина университеті ретінде аталған мерекені салауатты өмір салты атмосферасында атап өтті. Таңертеңнен ҚазҰМУ ректорат ғимаратының алдындағы бас алаңында спорттық ойындар, спорттық командалардың көрсетілімі, ауқымды флешмоб ұйымдастырылды.
«2024 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күні «Менің денсаулығым, менің құқығым» тақырыбымен әркімнің сапалы медициналық қызметтерге, білімге және ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етудегі ұжымдық жауапкершілігімізді еске салады. Бұл құқық сонымен қатар таза ауыз суға, таза ауаға, лайықты өмір сүру және еңбек жағдайларына және басқа кемсітушілікке жол бермеуді қамтиды. Тақырып әрбір адамның денсаулығына құқығын қорғау және нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін еске салады. Медицина және денсаулық сақтау саласындағы болашақ көшбасшылар ретінде Сіздер, біздің студенттер, қазіргі және келешек қиындықтарды еңсеру үшін еңбек ете отырып, осы ізгі мұраттарды орындаушы боласыздар. Сіздердің жеткен жетістіктеріңіз тек Сіздердің еңбектеріңіз бен күш-жігеріңіз ғана емес, сонымен бірге Сіздерге ең үздік білім мен тәрбие беру жолында аянбай тер төккен ұстаздарымыздың өлшеусіз үлесінің нәтижесі», – деп атап өтті ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.
Денсаулық күнінде университеттің спорт командалары мен жеке спорт түрлерінен жоғары нәтижелерге қол жеткізген студенттер марапатталды. Мереке университеттің спорттық ойындары мен секцияларының көрсетілімімен аяқталды.