«Мықты денсаулық-мықты ел»
2016 жылдың 24 ақпан күні сағат 10.00-де Тұран университетінің акт залында «Қысқы универсиада – 2017» қолдауға арналған «Мықты денсаулық-мықты ел» атты студенттер арасында салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында би,флеш-моб жарысы өткізілді. Осы өткен жарыста Алматы қаласы Жоғары Оқу Орындарының студенттері өнерлерімен сайысқа түсті. Бұл сайысқа С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Жастар Денсаулық Орталығының студенттері өз өнерлерін ортаға салып, «Көрермендер көзайымы» номинациясына ие болды. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ҚазҰМУ Жастар Денсаулық Орталығының төрағасы Ермек Рахмет