Мүмкіндікті жіберіп алма!
Алдымыздағы сәуірдің 14 күні ҚазҰМУ-дың түлектері тәжірибеде еңбек нарығын зерделеу мүмкіндігіне ие болады.
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2017» — бұл көктем мезгілінде университетімізде дәртүрлі өтетін шара. Болашақ дәрігерлер көптен күткен маңызды шара 14-ші сәуірде «Concordia» театрында өтпек. Шара барысында түлектер медициналық ұйымдардың ұсыныстарымен танысып қана қоймай, болашақ жұмыс орнын таңдай алады.
«ҚазҰМУ бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» басты мақсаты ретінде жұмыс берушілер мен жас мамандардың мүдделерін жақындастыруды көздейтін, еліміздің денсаулық сақтау, фармация және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары өкілдерінің басын қосатын, қоғам назарына ілінетін, бітірушілердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесетін кең ауқымды және негізгі іс-шара болып табылады.
Бұл жылы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне көптеген ұйымдар қатысады. Сондықтан, болашақ дәрігерлер қызығушылық танытқан денсаулық сақтау мекемелеріне толықтай өздерін көрсетуге мүмкіндік бар. Екі аптадан кейін түлектер университеттен алыстамай тәжірибеде еңбек нарығын зерделеп, олардың түрлі ұсыныстарын бағалап, сондай-ақ, жас мамандарға арналған бағдарламалармен таныса алады.
Сонымен қатар, ҚазҰМУ-ды тәмамдайтын жас мамандар тек қана Алматы қаласында емес, еліміздің басқа да облыстары мен қалаларында сұранысқа ие екендігін атап өткен жөн. Бұл жылы да дәстүр бойынша алматылық медициналық ұйымдарымен қатар еліміздің өзге де қалаларының жұмыс берушілері қатысады. Әрине, жұмыс берушілер түлектерге егер жас маман басқа қалаға көшуге келіскен жағдайда, жұмыстан бөлек баспана мен әлеуметтік пакетке толықтай кепілдік береді.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі