Наурызнама онкүндігіне сәйкес 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні»
Ұлттық спорт дегенде – ұлттық рух, ұлттық намыс, тарих, мәдениетіміз бен дәстүріміз еске түседі. Қазақ халқының Ұлттық спорты – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.
Ұлттық спортты өскелең ұрпаққа ұлықтау мақсатында, молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұжымы және Медицина мамандығының 1 курс студенттерімен «Ұлттық спорт – ұлт келбеті» атты спорттық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара қазақтың киелі домбырасымен ашылды. Іс-шараға қонақ ретінде «Жалпы медицина -1» мектебінің деканы С.Х. Измайлова және «Дене шынықтыру» кафедра меңгерушісі О.Ю. Фадеева қатысып, құттықтау сөздерін айтты, сонымен қатар студенттер белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсетті: Наурыз туралы өлең жолдарын, қазақтың ұлттық қара жорға биін биледі, Абай Тоғжан көрінісі осы кештің тамаша сәнін келтірді. Ұлттық спорт түрлері: асық ату, ләңгі тебу, айгөлек, қол күрес және т.б. ойындары жүргізілді. Іс – шара соңында белсенділік танытқан студенттер, жеңімпаздар дипломмен марапатталды.