Ормантаев Камал Сәруарұлы мен Қарынбаев Сибугатулла Рысқалиұлының есімдері ҚазҰМУ кафедрасына беріледі, анатомиялық музейге Рахышев Алшынбай Рахышұлының есімі беріледі
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Тағзым» эгидасымен университет абыройын асқақтатқан танымал дәрігерлердің есімдерін мәңгілікке қалдыру дәстүрін жалғастыруда.
Біздің есімізде. Біз мақтан тұтамыз…
18 қарашада ҚазҰМУ балалар хирургиясы кафедрасына Қазақстанның балалар хирургиясының негізін қалаушы, отандық медицинаның аңыз адамы, он мыңдаған баланың құтқарушысы, академик Ормантаев Камал Сәруарұлының есімін беру салтанатты рәсімі өтеді.
19 қарашада ҚазҰМУ анатомия кафедрасына еліміздің үздік дәрігерлерінің бірнеше буынының ректоры, жауынгер, әскери дәрігер, министр, көрнекті анатом, ҚазКСР еңбек сіңірген дәрігері, профессор Қарынбаев Сибугатулла Рысқалиұлының есімі беріледі.
Анатомиялық музейге Қазақстанның лазерлік медицинасының негізін қалаушы, ҚР ҰҒА академигі, профессор Рахышев Алшынбай Рахышұлының есімі беріледі.