Оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша ОПҚ-ң негізгі қызметінің белсенді көрсеткіштеріне арналған анықтамалар
Хабарландыру
ОПҚ назарына!
Оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша ОПҚ-ң негізгі қызметінің белсенді көрсеткіштеріне арналған анықтамалар ОӘЖД-де беріледі:
- Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер баспалары туралы анықтамаларды оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскері Сегізбаева Ж.Ө.береді. (Ректорат 208 кабинет).
Анықтаманы алу үшін кітаптың титулдық бетінің көшірмесі, Әдістемелік кеңес хаттамасының көшірмесі, оқу-әдістемелік құралдың, кітаптың бекітілуі туралы ҚР БжҒМ немесе ҚР ДСжӘД хатынан көшірмесін өткізу қажет.
- Инновациялық оқыту технологияларын енгізу туралы анықтаманы В.Аванесов атындағы оқыту технологиялар орталығының меңгерушісі И.В.Баскакова береді.(Тестілеу орталығы 11 кабинет)
Анықтаманы алу үшін енгізу актісінің көшірмесін және енгізілген материалды электрондық нұсқада өткізу қажет.
Анықтамалар есептік кезеңге ғана беріледі.
ОӘЖД