Парламент Мәжілісінің депутаттары ҚазҰМУ-дың жаңа жатақханасына келді
Парламент Мәжілісінің депутаттары Мыңбай Дархан Қамзабекұлы және Тлеухан Бекболат Қанайұлы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жаңа жатақханасына барып, студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысып қайтты.
Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының аясында, қысқа мерзім ішінде салынған 600 орындық, тоғыз қабатты жатақхана, бүгінгі таңға еліміздегі ең ірі және жайлы жатақханаларының бірі.
Өз сөзінде халық қалаулысы Дархан Қамзабекұлы «Жатақханада 75 орынға арналған асхана, кір жуатын бөлме, 30 адамға арналған оқу залы, кітаптар қорына өте бай кітап қоймасы, интернет сыныптар, демалу бөлмелері, медициналық пункт және әкімшілік бөлмелер бар екен. Студенттердің білім алуына барлық жағдай жасалғандығы көрініп-ақ тұр. Студенттерге үйдегідей жағдай жасалғаны көңіл қуантарлық жәйт» екенін атап өтіп, білім алушыларға оқу жолында жаңа белестерді бағындырып, медицина саласына қосар үлестері көп болуына тілегін білдірді.