Академик Машкеев Әукен Қиясұлының жеке шәкіртақысына конкурс!
Академик Машкеев Әукен Қиясұлының жеке шәкіртақысына конкурс жарияланады!!!
Байқауға қатысқысы келетіндер ережемен танысуы керек!
Педиатрия мамандығында оқитын 2-6 курс студенттеріне жекелендірілген стипендия тағайындалады!
Конкурсқа ұсынылатын құжаттар:
— студенттік куәліктің көшірмесі;
— үлгерім рейтингінің бағасын көрсететін транскрипт;
— педиатрия саласындағы конференциялар, семинарлар бағдарламалары мен басылымдардың қайта басып шығарулары қоса берілген басылымдар тізімі;
— түйіндеме немесе CV;
— педиатрия саласындағы халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми конференцияларға, жазғы және қысқы мектептерге қатысқанын растайтын сертификаттар;
— «Мен болашақ педиатрмын» тақырыбына 750 сөзден аспайтын мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі ынталандыру хаты. Бұл уәждеме хатында үміткер туралы, оның жетістіктері және дәрігерлік кәсіпке адалдығы (алған білім мен практикалық дағдылар оның кәсіби маман болуға қалай көмектесетіні) туралы ақпарат болуы керек;
— қаржылық қарызының жоқтығы туралы бухгалтериядан анықтама (ақылы негізде келісім-шарт бойынша оқитындар үшін);
— студенттің ақылы негізде оқитын халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын анықтама.
Құжаттар Педиатрия мектебінің деканатына 2024 жылдың 16 қыркүйегіне дейін тапсырылуы тиіс.
Байланыс телефоны: +7(727)338-70-90, ішкі 75-02
Мекн-жайы: Толе би 88, №4 оқу ғимараты, кабинет 201
Арнайы шарттар
ҚазҰМУ басшылығының студенттің университеттің ішкі тәртібін бұзғаны және оқу үлгерімінің төмендеуі (GPA 2,5-тен төмен), академиялық қарызының болуы, студенттің сабаққа ұзақ уақыт қатыспауы туралы ресми хаты негізінде, сондай-ақ Стипендияны беруді тоқтата тұруға негіз болған басқа да мән-жайлар (академиялық демалыс, басқа ЖОО-ға ауысу және т.б.) ретінде ҚазҰМУ студентті «Академик А.Қ. Машкеев».