Профессор А.Ақановтың 2025-2026 оқу жылына арналған атаулы шәкіртақысының иегері анықталды
2025 жылдың 15 мамырында «Қоғамдық денсаулық сақтау институты» жекеменшік мекемесінде профессор А.Ақановтың атаулы шәкіртақысы байқауы комиссиясының отырысы өтті. Комиссия құрамына университет қызметкерлері, Айқан Ақанұлының әріптестері мен шәкірттері кірді. Білім алушылардан жалпы саны 34 өтініш келіп түсті. Бекітілген ереже мен бағалау крийтерийлеріне сәйкес студенттердің құжаттары қаралып, комиссия шешімімен жеңімпаз анықталды.
Профессор А.Ақановтың 2025-2026 оқу жылына арналған атаулы шәкіртақысының иегері жалпы медицина – 2 мектебінің 6 курс интерні Алмасбек Аяжан. Аяжан жоғарғы академиялық көрсеткіштер көрсетіп, ғылыми жұмыстармен 1 курстан бастап белсене айналысады, үздіксіз семинар, симпозиумдарға қатысып, білімін шыңдайды, ағылшын, түрік тілдерін жетік меңгерген.
Шәкіртақы жеңімпазын марапаттау рәсімі «ANaMed Forum – new generation 2025» халықаралық форумының аясында жабылу салтанатында 5 маусым күні өтеді.