Профессор К.Тулебаев шәкіртақысына құжаттар қабылдау басталды
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы заңды тұлғалар бірлестігі (Ассоциация) 2011-2016 жылдар аралығында С.Ж.Асфендияров ҚазҰМУ оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры қызметін атқарған, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қазбек Ағабылұлы Тулебаев шәкіртақысын тағайындады.
Шәкіртақы тағайындауының басты мақсаты: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура білім алушыларын ынталандыру. Оқу үлгерімінің жақсы болуы, жоғары қоғамдық белсенділік және салауатты өмір салтын ұстану бұл шәкіртақының басты критерийлері болып табылады.
Шәкіртақы конкурсттық негізде 1 оқу жылына және айына ақшалай 30,000 теңге көлемінде тағайындалады.
Шәкіртақы конкурсына өтініш бере алатын білім алушылар:
- С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, барлық мамандықтарының, кез-келген оқу негізі (грант немесе келісім-шарт) мен оқу тілдерінің (қазақ, орыс, ағылшын) студенттері\интерндері\резиденттері\магистранттары\докторанттары.
Шәкіртақы конкурсына өтініш беруге арналған барлық құжаттар жиынтығы:
-Білім алушынының жеке куәлігінің көшірмесі, ЖСН;
-Түйіндеме немесе CV;
-Үміткер қатысқан салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар мен кең ауқымды акциялардың тізімі (растаушы құжаттар: бағдарлама, сертификат, грамота, диплом, алғыс хаттар, фотосуреттер);
-Оқу үлгерімінің рейтингтік баллы (GPA) көрсетілген транскрипт;
Салауатты өмір салтына байланысты семинар, конференциялардың бағдарламалары және ғылыми мақалалардың баспа-таңбасымен берілген жарияланымдардың тізімі;
-Үміткердің мотивациялық хаты;
-Университеттің қоғамдық өміріне қатысуы көрсетілген ҚазҰМУ ұйымдарынан үміткерлер ұсынысы құпталады;
-Бухгалтериядан қаржылай қарызы жоқ екендігі туралы анықтама (келісім-шарт бөлімінде оқитын білім алушылар үшін);
-Конкурстық комиссияға берілген құжаттар тізімі.
Іріктеу критерийлері:
-университеттің салауатты өмір салтын насихаттау және жүргізуге бағытталған қоғамдық істеріне белсене қатысу, спорттық және дене тәрбиесіне байланысты іс-шаралар мен акцияларды ұйымдастыру және қатысу;
-барлық оқу жылындағы үлгерімінің жеткілікті рейтингтік баллы;
– академиялық қарыздардың болмауы;
– Ауруларды алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысу.
Іріктеу үрдісі:
Үміткерлерді іріктеуді арнайы Комиссия жүргізеді. Комиссия құрамын Ассоциация құрылтайшылары бекітеді. Комиссия құрамына ҚазҰМУ білім алушылары мен профессорлық-оқытушылар құрамынан өкілдер кіре алады.
Құжаттарды қабылдау:
Құжаттарды қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының (А.Ақанов атындағы Бас ғимараттың 2-қабаты) №261 кабинетіне, доцент Аимбетова Гульшара Ергазыевнаға (тел: +77013561128) өткізу тиіс. Қосымша сұрақтармен қоғамдық денсаулық сақтау институтының электронды мекен-жайы iph_info @mail.ru немесе +77015832333 нөміріне Институт өкілі-Индершиев Арслан Мурзабековичқа хабарласуға болады.
Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 15 наурызынан 15 сәуіріне дейін жалғасады.
Шәкіртақы демеушісі: Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы