Профессор Р.Д. Дильбархановтың атаулы стипендиясына конкурс жарияланады
Профессор Р.Д. Дильбархановтың атаулы стипендиясына конкурс жарияланады!
Байқауға қатысатын үміткерлер ережелермен танысуы тиіс!
Атаулы стипендия «Фармация» мамандығының білім алушылары арасында 2-5 курс аралығында өткізіледі!
Конкурсқа ұсынылатын құжаттар:
– білім алушы куәлігінің көшірмесі;
– үлгерімнің рейтингтік балын көрсететін транскрипт;
– фармация саласындағы конференциялардың, семинарлардың жарияланымдары мен бағдарламаларының басылымдары қоса берілген жарияланымдар тізімі;
– түйіндеме немесе CV;
– фармация саласындағы халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми конференцияларға, жазғы және қысқы мектептерде қатысқандығын растайтын сертификаттар;
– мемлекеттік немесе орыс тілдерінде «мен болашақ фармацевтпін» тақырыбында 750 сөзден аспайтын мотивациялық хат. Бұл мотивациялық хатта үміткер, оның жетістіктері және дәрігер мамандығына деген адалдығы туралы ақпарат болуы керек (алынған білім мен практикалық дағдылар кәсіби маман болуға қалай көмектеседі);
– қаржылық берешектің жоқтығы туралы бухгалтериядан анықтама (шарт бойынша білім алушылар үшін ақылы негізде);
-студенттің ақылы негізде оқитын халықтың әлеуметтік мүмкінді шектеулі топтарына жататындығын анықтайтын туралы – анықтама.
Құжаттар Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментіне 26.05.2023 ж. дейін электрондық поштаға ұсынылады [email protected]
Байланыс телефоны: +7 778 781 6727 Сымбат
Ерекше шарттар
ҚазҰМУ басшылығынан студенттің университеттің ішкі тәртіп ережелерін бұзуы және үлгерімінің төмендеуі (GPA 2,5-тен кем), академиялық берешектің болуы, студенттің сабақтарды ұзақ өткізіп алуы кезінде, сондай-ақ стипендия беруді тоқтата тұруға негіз болған басқа да мән-жайлар (академиялық демалыс, басқа ЖОО-ға ауыстыру және т. б.) туралы ресми хатының негізінде ҚазҰМУ-дан айыруға құқылы «профессор Р. Д. Дильбарханов стипендиясының» құқық иеленуші студенті.