Профессор Сулев Кокстың дәрісі
13.11.23 және 25.11.23 аралығында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ патологиялық физиология кафедрасына «Визитинг профессор» бағдарламасы аясында Мердок университетінің (Австралия) Болашақ денсаулық институтының Молекулярлық медицина және инновациялық терапия орталығының профессоры Сулев Кокс келді.
Визит-профессордың сапары барысында қазіргі заманғы зерттеулердің басым бағыты мәселелері қарастырылды – молекулалық медицина және оны геномдық зерттеулерді пайдалана отырып, медицинаның әртүрлі салаларында қолдану, оның ішінде мақсатты нысана-гендерді псориаз, остеосаркома, остеопороз және т.б. кезінде анықтап зерттеу. Осы өзекті мәселелердіпрофессор келесі тақырыптар бойынша дәрістер топтамасымен шеберлік сабағы арқылы түсіндірді: Introduction to Molecular Medicine; Genome and gene; Physiological Genomics Of Pathological Conditions; Genomics of chronic inflammatory diseases (psoriasis,arthritis) and oncology; Psoriasis– genetic background, genetic epidemiology and pathogenesis; Transcriptional Basis of Psoriasis from Large Scale Gene Expression Studies: The Importance of Moving towards a Precision Medicine Approach; Multicomponent biomarker approach improves the accuracy of diagnostic biomarkers for psoriasis vulgaris; New biomarkers for psoriasis and osteosarcoma; Characterization of the genomic profile of osteosarcoma; New inroads into osteosarcoma; Whole exomesequencing of a single osteosarcoma case—integrative analysis with whole transcriptome RNA-seq data; Innovative approaches for treatment of osteosarcoma.Профессор Сулев Кокстыңдәрістері профессорлық–оқытушылар құрамының да, студенттердің де үлкен қызығушылығын тудырды. Өзарабайланысты пәндердің мүдделі оқытушыларымен қосымшакеңестік кездесулер өткізілді.
Профессор Сулев Кокс ҚазҰМУ–да болған уақытында патофизиология кафедрасымен медицинаның басымбағыттары бойынша бірлескен ғылыми зерттеулердіңжоспары әзірленіп, кейіннен Қазақстан РеспубликасыҒылым және жоғары білім министрлігі 2024-2026 жылдарғаарналған гранттық қаржыландыру конкурсына ғылыми–техникалық жоба ұсынылды. Болашақ ғылымизерттеулердің нәтижелерін, сондай–ақ алынған білімді оқуүдерісінде және ғылыми тәжірибеде қолдану үшінинтерактивті тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылауүшін қашықтағы форматта консультациялар жоспарланды.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/профессор-сулев-кокстың-дәрісі/