Профессор Үшбаев Кеңесбай Үшбайұлының 85 жылдығына арналған «Фармацевтикалық ғылым және тәжірибе: дәстүрлер, инновациялар, сабақтастық» конференциясы
Сіздерді «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Фармация мектебі фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Үшбаев Кеңесбай Үшбайұлының 85 жылдығына арналған «ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ: ДӘСТҮРЛЕР, ИННОВАЦИЯЛАР, САБАҚТАСТЫҚ» конференциясына шақырады.
Конференцияның өткізілу күні: 2025 жылғы 2 шілде
Тіркеудің басталуы: 09:30 (Астана уақытымен)
Өтетін орны: Алматы қ., «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ, «Академиктер» залы, Төле би, 94/1 / Масанчи, 38 (№7 оқу корпусы) 2-қабат
Фармацевтикалық ғылымның дамуы мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуда сіздердің конференцияға қатысуларыңыздың маңызы зор.