Резидентура және стоматологияның білім беру бағдарламаларын аккредиттеу
Құрметті әріптестер, студенттер және резидентер!
2016 жылдың 3 – 5 мамыр күндері аралығында университетте резидентураның (21 мамандық) білім беру бағдарламаларына және стоматологияның (бакалавриат) білім беру бағдарламасына мамандандырылған аккредиттеу жүргізілуде.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) құрамында 17 сарапшысы бар, оның ішінде 3 шетелдік (Әзірбайжан, Болгария,Түркия), сыртқы сараптау комиссиясы проф. А.Б.Кузгибекованың төрағалығымен ҚазҰМУ-дың бөлімшелерін, резидентура және стоматология бағдарламаларын жүзеге асырушы кафедралар мен модульдерінде болды.