Резидентура түлектері: Алматы қаласы әкімдігінің грант иегерлері диплом алды
Болашақ дәрігерлер оқуын бітірген қалада кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуі керек.
Алматы қаласы әкімдігінің грантты бойынша білім алған алғашқы резиденттер диплом алды. Қазақ ұлттық медициналық университетінде тегін білім алып жатқан 183 адамның 45-і бүгін салтанатты түрде медицина қызметкері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде резидентура түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Дипломнан кейінгі білім беру факультетінде барлығы 1347 адам оқиды, ал арнайы бейінді дәрігер дипломын биыл 493 түлек алады. Олардың қатарында Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша оқыған резиденттер бар.
https://almaty.tv/kz/news/meditsina/1432-almaty-kalasy-akimdiginin-grant-iegerleri-diplom-aldy