«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» атты III Medical Global Forum
2018 жылдың 16-17 қараша күндері KAZMSA-ҚазҰМУ студенттік ұйымының ұйымдастыруымен және де университетіміздің, ҚазҰМУ білім алушылар кәсіподағының қолдауымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» атты III Medical Global Forum шарасы өткізілді. III Медициналық Жаһандық Форумның ашылу салтанаты С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Стратегиялық және корпоративтік даму бойынша проректоры, фарм.ғ.д., профессор Датхаев У.М., Академиялық қызмет бойынша проректор, мед.ғ.д, профессор Байльдинова К.Ж. алғы сөздерімен басталды. Университет әкімшілігі мен Жастар саясаты басқармасының атынан, медициналық ЖОО-ның KAZMSA жергілікті комитет төрағаларының құттықтау сөздерінен кейін форум қатысушылары университетіміздің тарихи мұражайымен, университет ғимараттарымен, анатомиялық мұражаймен танысты.
Аталған форумға И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік Академиясынан, Қазақстан-Ресей медициналық университетінен, Қарағанды медициналық университетінен, Семей медициналық университетінен, Оңтүстік Қазақстан медициналық университетінен, Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінен, Астана медициналық университетінен келген студенттер және ҚазҰМУ студенттері қатысып, «Медициналық ғылымдар», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Дипломнан кейінгі білім,интерндер» секциялары бойынша баяндамалар қорғалады.
Форумның алғашқы күні 16 қараша 2018 жылы «Медициналық ғылымдар» бойынша 19 баяндама, «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша 8 баяндама, «Дипломнан кейінгі білім,интерндер» бағыты бойынша 5 баяндама оқылды. Сондай-ақ, аталған шаралар, жобалар мен сауалнамалар университетіміздегі жаңа №8 ғимаратының №1, №2 конференц залдарында өткізілді. Әрбір баяндама ғылымға білімге, медицинаға жаңалық енгізерліктей қызықты болды. Ал екінші 17.11.2018ж.күні Медициналық симуляциялар орталығының конференц залында, оқу кабинеттерінде «Алғашқы көмек көрсету», «хирургиялық тігу түрлері» тақырыптарында тренингтер мен мастер кластар көрсетілді.
Қорытындылай келе, «Медициналық ғылым» секциясы бойынша: 1-орынды «Микроскопическая картина легких при воздействии активированного и неактивированного диоксида марганца» тақырыбында Семей медициналық университетінің «Жалпы медицина» факультетінің 4-курс студенттері – Капасова Эльнара Русланкызы, Дусiп Ернар Толегенулы; 2-орынды «Профилактика послеоперационных абсцессов брюшной полости»тақырыбында Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Жалпы медицина» факультетінің 4-курс студенті – Абдукаримова Айдана; 3-орынды «Сравнительная харектеристика уровней напряженности среди студентов 1-2 курсов школы «Общая медицина», «Педиатрия», «Стоматология» в университете во время практических занятий» тақырыбында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Жалпы медицина» Мектебінің 2-курс студенті – Абдилхан Ермек иеленді.
Ал, «Қоғамдық денсаулық сақтау» секциясы бойынша: 1-орынды «Starvation. The problem of starvation for young people» тақырыбында Семей медициналық университетінің «Жалпы медицина» факультетінің 3-курс студенттері – Ықтиярова Тоғжан, Бакытбек Шара Айдынкызы; 2-орынды «Кесар тілігінің зияны» тақырыбында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Жалпы медицина» Мектебінің 2-курс студенті – Бейсенова Дана; 3-орынды «Распространенность сахорного диабета 2 типа в РК» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан медициналық университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 1-курс студенті – Пернебеков Елхан Мастерханұлы иеленді. Келесі кезекте, «Интерндер» секциясы бойынша: 1-орынды «Ахалазия кардии:Результаты оперативного лечения» тақырыбында И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік Академиясының «Интернатура және резидентура» факультетінің 6-курс студенті – Кумубеков Дастан Касымұлы; 2-орынды «Клинико-лабораторные особенности течения холеры на современном этапе» тақырыбында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Интернатура және резидентура» факультетінің 6-курс студенттері – Саусанова Дамира Жасұланқызы, Мукатаева Майя; 3-орынды «Жарақаттан кейінгі созылмалы аурулар» тақырыбында Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Интернатура және резидентура» факультетінің 6-курс студенті – Ілес НұрғисаТіресұлы иеленді. Форумдағы ғылыми баяндамаларға тексеру комиссиялары мен әділқазы болған «Молекулярлық биология және медициналық генетика» кафедрасының доценті, оқытушы – Нурпеисова И.К., «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының доценті, оқытушы – Нурбахыт А.Н, «Фармакология» кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, оқытушы – Сейталиева А.М., ғылыми жұмыстар редакторы – «Жалпы медицина» Мектебінің 5-курс студенті – Мұстафа Бейбіт. Форум барлық қатысушыларға жаңа серпін мен көтеріңкі көңіл сыйлады деген сенімдеміз!