РҒДИ-ге сәйкес, «ҚазҰМУ Хабаршысы» журналының дәйексөз индексі саны – 50
Ресейлік ғылыми дәйексөз индексіне (РҒДИ) сәйкес, «ҚазҰМУ Хабаршысы» ғылыми-тәжірибелік журналының дәйексөз индексі саны – 50.
Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ) — бұл 2 миллионға жуық жарияланымды жинақтайтын ұлттық ақпараттық-аналитикалық жүйе. Аталмыш жүйе ғылыми зерттеулердің өзекті анықтамалық-библиографиялық ақпараттарды қолма-қол қамтамасыз етуден бөлек ғылыми журналдардың деңгейін, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғалымдардың қызметтерінің тиімділігі мен нәтижелілігіне баға беруге мүмкіндік беретін маңызды құрал болып табылады.
Еске сала кетсек, 2016 жылдың маусым айында «ҚазҰМУ Хабаршысы» журналының дәйексөз индексі саны 45, ал 2015 жылы – 28 болған болатын.
Сонымен қатар, дерекқорда өзге де қазақстандық медициналық журналдардың дәйексөз индексі көрсетілген:
Нәтижелер бойынша ақпаратпен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://elibrary.ru/title_about.asp?id=28429
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі