«С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бос лауазымдарға кандидаттар іріктеу туралы хабарлайды – Университеттік клиника басшысы лауазымы
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050020, Алматы қаласы, Толе би көшесі, 94.
Лауазымның атауы: Университеттік клиника басшысы
Біліктілік талаптары:
Білімі:
– Денсаулық сақтау саласындағы жоғары білім;
– Экономика/қаржы және несие/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімнің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау»/ «Денсаулық сақтау менеджменті»/ «Менеджмент» немесе «Медицина» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілік», «Экономика», «Қаржы және несие» немесе ғылыми дәрежесінің болуы / PhD докторы
немесе
экономика/қаржы және несие/құқық/бизнес әкімшілендіру саласындағы жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы.
Жұмыс тәжірибесі:
- Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл;
Білім, дағдылар:
- Медициналық қызметтерді тиімді ұсыну, персоналды оқыту мен дамытудың клиникалық базасын ұйымдастыру саласындағы үздік тәжірибелер мен технологияларды білу;
- Басқа компаниялардан және бизнестің басқа салаларынан ең жақсы тәжірибені жұмыста қолдана білу;
- Келіссөздер жүргізу дағдылары (сендіру қабілеті, өзара тиімділікті іздеуге бағдарлану) және дамыған коммуникациялық дағдылар (басшылармен және еңбек ұжымымен қарым-қатынас);
- Жергілікті және халықаралық деңгейде денсаулық сақтауда жоғары деңгейдегі байланыстардың кең желісінің болуы;
– Күрделі мәселелерді шешу;
– Команданы қалыптастыру және дамыту;
– Кәсіби мамандарды іздеу және тарту;
– Өзара тиімді серіктестік құру;
– Өзгерістерді басқару;
– Көшбасшылық.
Үміткерлер мынадай құжаттарды (электрондық және қағаз жеткізгіштерде) ұсынуы қажет:
- іріктеуге қатысу туралы өтініш (қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
- мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
– жеке куәліктің (паспорттың)көшірмесі;
– білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
– белгіленген тәртіппен берілген соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасау туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
– соңғы үш жылдағы қызмет нәтижелері;
– 10 слайдтан аспайтын презентация түрінде 5 жылға клиниканың дамуы туралы көзқарас.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Төле би к-сі, 94, 1 ғимарат, 104 кабинет, немесе [email protected] электрондық пошта арқылы.
Анықтама үшін телефон: 3387080.