С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасы және Алматы қаласының қалалық жедел жәрдем ауруханасы көп орталықты халықаралық клиникалық зерттеуге қатысады
2025 жылдың 5 ақпанында CTF-NIS-2024 тіркеуден кейінгі интервенциялық емес зерттеу жүргізу үшін зерттеу орталығының ашылуы басталды. Зерттеу орталығының базасы ретінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны («ЖШККА» ШЖҚ КМК) анықталды.
Жоғарыда аталған зерттеу орталығы Халықаралық интервенциялық емес клиникалық зерттеуге қатысатын 25-ші және Қазақстан Республикасы бойынша жалғыз орталық болып табылады.
Дәлелді медицинаның пайда болуына байланысты рандомизацияланған бақыланатын зерттеулер дәлелдердің «алтын стандарты» болып табылады, әсіресе клиникалық хаттамаларды әзірлеу кезінде. Алайда, бірқатар себептерге байланысты нәтижелер әрдайым заманауи медицинаға қатысты барлық сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Препаратты қолданудың тиімділігі және оның ауруды емдеудегі қауіпсіздігі қазіргі медицинада негізгі қағида болып табылады. Интервенциялық емес бақылау зерттеулері дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тағайындалған кезде пациенттердің едәуір көп популяциясын зерттеуге мүмкіндік береді, бұл бағаланатын параметрлердің вариацияларын зерттеу кезінде кездейсоқтық факторын теңестіруге жол ашады. Оның ішінде қатар жүретін аурулары мен патологиялары бар пациенттерде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеуге болады.
С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасы ЖШККА инсульт бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге № CTF-NIS-2024 хаттамасы бойынша: «Цитофлавин® препаратының тиімділігін көп орталықты халықаралық бақыланатын зерттеуі, реперфузиялық ем қабылдамайтын ишемиялық инсультпен ауыратын науқастарда инфузияға арналған ерітінді» атты бақыланатын (интервенциялық емес) зерттеулер саласындағы көп орталықты ғылыми жобаға ең белсенді қатысатын команда құрады. Осы зерттеуге С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының қызметкерлері қауымдастырылған профессор Альмаханова К.К., 1 жыл резидент Бекбатыр А. Б., ЖШККА инсульт орталығының меңгерушісі Аяганова Л. Б., Қашқынбаева А. К. қатысады, жобаның бас зерттеушісі болып жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі С. Т. Туруспекова тағайындалды.
Көп орталықты халықаралық бақыланатын зерттеуі сараптамадан өтті және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аясындағы биоэтика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның мақұлдауын алды (26.06.2024 ж. №12 хаттама), сондай-ақ жергілікті этикалық комиссиямен мақұлданды (26.12.2024 ж. №20 (156) хаттама).