«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды
Бос жұмыс орны: Ішкі бақылау басқармасының басшысы
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:
- Білімі – жоғары;
- Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, құқық қорғау органдарында немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына қатысты құрылымдарда жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн.
Қажетті білімдер, дағдылар мен іскерліктер:
- Қауіпсіздік қызметтерінің қызметін реттейтін заңнаманы, соның ішінде білім беру мекемелерінің қауіпсіздігіне қатысты заңнаманы білу.
- Қауіпсіздік жоспарларын, эвакуациялық жоспарларды және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты басқа да құжаттарды әзірлей білу және енгізе білу.
- Тәуекелдерді талдау және оларды төмендету шараларын әзірлей білу.
- Персоналды басқару дағдылары, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін басқару және ынталандыру іскерлігі.
- Бейнебақылау, қол жеткізуді бақылау, өртке қарсы дабыл жүйелерімен жұмыс істей білу.
- Өрт қауіпсіздігінің негіздерін білу және оны қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыра білу.
- Құқық қорғау органдарымен және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған басқа да қызметтермен өзара әрекеттесе білу.
- Университет қызметкерлері мен студенттеріне қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулықтар мен оқыту өткізе білу.
- Психология негіздерін білу және күйзеліске толы жағдайларда адамдармен жұмыс істей білу.
Лауазымдық міндеттері (негізгі):
- Университеттің мүліктік және мүліктік емес мүдделеріне заңсыз қол сұғушылық фактілері бойынша ішкі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу;
- Университет қызметкерлерінен, білім алушылардан, мемлекеттік органдардан және басқа да заңды және жеке тұлғалардан түскен өтініштерді қарау және тексеру жұмыстарын жүргізу;
- Басқарма төрағасы – Ректордың тапсырмасы бойынша Университет нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексерулер жүргізу, тиісті ақпарат алу;
- Университеттің және оған іргелес аумақтың жағдайына тұрақты бейнебақылау жүргізу, периметрдің күзетін қамтамасыз ету;
- Жаппай іс-шаралар өткізілетін орындарда тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жедел әрекет ететін мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
- Мобилизация кезеңінде және соғыс уақытында тұрақты басқаруды қамтамасыз ету;
- Қатысты органдармен бірлесе отырып, мобилизациялық дайындық, мобилизациялық жоспар және соғыс уақыты жағдайында жұмыс істеу жоспарын әзірлеуді ұйымдастыру;
- Мобилизациялық дайындық іс-шараларын орындау және Университеттің соғыс уақыты жағдайында жұмыс істеу тәртібіне көшуге дайындығын қамтамасыз ету;
- Терроризмге қарсы қорғаныс шаралары бойынша профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыру;
- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, коммерциялық құпия режимін орнату және қолдау.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін 87273387080, ішкі. 7021, 7022