«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Бос лауазымның атауы:
- Ақпараттықжүйедеенгізуменжұмыстыжетілдіру бойынша менеджер-әдіскер– 1 бірлік.
Негізгі талаптары:
- Жоғары білімінің болуы;
- Білім беру жүйесінде кемінде 2 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Келесі құзыреттердің болуы:
1) Атқаратын лауазымы шеңберінде кәсіби қызметте қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік тілді және неғұрлым кең таралған шет тілдерінің бірін кәсіби деңгейде меңгергені жөн;
2) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу;
3) Академиялық адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қағидаттарын және ішкі бақылау жүйесін білу;
4) Әдістемелік және талдамалық материалдарды дайындау, қызметтік құжаттаманы ресімдеу дағдылары;
5) Оқытушылармен, құрылымдық бөлімшелермен және сыртқы әріптестермен өзара іс-қимыл жасай білу;
6) Коммуникативтік дағдылар, презентациялар мен жұмыс талқылауларын өткізу қабілеті;
7) Білім беру процестерінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру мен баптаудың базалық дағдылары;
8) Ақпараттық жүйелерді пысықтауға қойылатын техникалық талаптарды жедел анықтау және тұжырымдай білу;
9) Жауапкершілік, ұйымшылдық, мерзімдерді сақтау және орындаушылық тәртіп;
10) Топтық жұмыс және кәсіби өзара іс-қимыл жасау қабілеті.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7024 телефоны арқылы алуға болады.