«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ («АГжәнеПҒО» АҚ) Директорлар кеңесінің (ДК) құрамына тәуелсіз директорлар лауазымына кандидаттарды іріктеудің өткізілетіні туралы хабарлайды
Іріктеуді өткізу (конверттерді ашу) күні: 29.06.2026 ж.
Іріктеуді өткізу (конверттерді ашу) орны: Алматы қ., Төле би көшесі, 94, 1-корпус, ректорат корпусы, 3-қабат, кіші конференция залы.
Лауазымның атауы: тәуелсіз директор
Қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050020, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 125.
Қоғамның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
-Акушерлік, гинекология және перинатология саласындағы медицина ғылымының басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.
-Ана мен перинаталдық өлім-жітімге талдау жүргізу, босандыру мекемелеріне акушерлік, гинекология және перинатология мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.
-Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық және құқықтық құжаттарды, бұйрықтарды, халықаралық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу.
-Әйелдердің репродуктивтік және пострепродуктивтік денсаулығын, сондай-ақ жасөспірім қыздардың денсаулығын қорғау бойынша жоғары технологиялық емдік, стационарлық және емханалық көмек көрсету.
-Босандыру мекемелерінде жұмыс істейтін акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог, медициналық генетик, ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері мен терапевтердің, патоморфологтардың біліктілігін арттыруды және резидентура арқылы жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды, «акушерлік және гинекология», «медициналық генетика» мамандықтары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру.
-Акушерлік, гинекология және перинатология саласында ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді (ғылыми еңбектер жинақтарын, ғылыми журналдарды, монографияларды, әдістемелік және нұсқаулық құжаттарды, оқу және санитарлық-ағарту әдебиеттерін) әзірлеу және басып шығару.
-Акушерлік, гинекология және перинатология мәселелері бойынша ұйымдармен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастық орнату.
-Медицина ғылымының жетістіктерін босандыру мекемелерінің практикасына енгізу.
-АҚ Жарғысына сәйкес қызметтің басқа да түрлері.
ДК тәуелсіз директорының кандидаттарына қойылатын талаптар:
1) Қызметкерлер саны 500 адамнан кем емес ұйымда басқарушы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
2) Акционерлік қоғамдардың және тиісті саланың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, соның ішінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда) корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін білуі.
Қоғам ДК-нің тәуелсіз директоры болып мынадай тұлға сайлана алмайды:
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлға;
2) осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғасы болып табылатын және оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болу жағдайын қоспағанда) солай болған тұлға, осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғаларына қатысты аффилирленген тұлға болып табылатын тұлға;
3) осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғасы болып табылатын ұйымның лауазымды тұлғаларымен бағыныстылықпен байланысты тұлға және оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында аталған тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты болған тұлға;
4) мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлға;
5) осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылатын және оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында солай болған тұлға;
6) аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы акционерлік қоғамның аудитіне қатысқан және оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында осындай аудитке қатысқан тұлға.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар қағаз тасығышта мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;
2) кандидаттың түйіндемесі (резюмесі);
3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және коррупциялық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
7) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге оның мүшелігін растайтын құжаттар;
8) осы хабарландыруға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер.
Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдарды) ұсына алады.
Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімнің түпнұсқасын конвертке салып желімдейді және оған «Түпнұсқа» деген белгі қояды.
Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып желімделеді.
Ішкі және сыртқы конверттерде:
1 «ҚазҰМУ» КеАҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша «ҚазҰМУ» КеАҚ-на бағытталуы;
2 «Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын іріктеу» және «29.06.2026 ж. 09.00 дейін ашуға болмайды» («ҚазҰМУ» КеАҚ интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты) деген сөздер болуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 050000, Алматы қ., Төле би көшесі, 94, ректорат корпусы, 227-кабинет (2-қабат), Корпоративтік дамыту басқармасы. Анықтама телефоны: 338-70-80 ішкі. 71-97, комиссия хатшысы Федорова Екатерина Игоревна


