«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ («ПБХҒО» АҚ) Директорлар кеңесінің (ДК) құрамына тәуелсіз директорлар лауазымына кандидаттарды іріктеудің өткізілетіні туралы хабарлайды
Іріктеуді (конверттерді ашуды) өткізу күні: 29.06.2026 ж.
Іріктеуді (конверттерді ашуды) өткізу орны: Алматы қ., Төле би көш., 94, 1-корпус, ректорат корпусы, 3-қабат, кіші конференция залы.
Лауазым атауы: тәуелсіз директор
Қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 146.
Қоғамның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
-Халықтың денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған медициналық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.
-Тұрмысы төмен және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесінің шегінде балаларға мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
-Отандық және шетелдік ұйымдар шығаратын жаңа дәрілік препараттарды клиникалық зерттеулерге қатысу.
-Республиканың емдеу-профилактикалық ұйымдарына педиатрия және балалар хирургиясы мәселелері бойынша ғылыми, ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық, практикалық көмек көрсету.
-Педиатриялық қызметтің даму тұжырымдамалары мен ғылыми-техникалық бағдарламаларын және стратегиясын әзірлеуге қатысу.
-Балалардың денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі бағдарламаларға мониторинг, кешенді талдау және сараптамалық бағалау жүргізуге, сондай-ақ оларды ұтымды орындау бойынша кейінгі ұсынымдарды әзірлеуге қатысу.
-Балалардағы ауруларды диагностикалаудың, терапияның және алдын алудың жаңа технологияларын (әдістерін) жетілдіруге және әзірлеуге қатысу.
-Резидентура арқылы кадрларды постдипломдық даярлауға, кәсіпорынның дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлерінің, соның ішінде шетелдік азаматтардың әртүрлі мамандықтары бойынша біліктілігін арттыруға қатысу;
-АҚ Жарғысына сәйкес қызметтің басқа да түрлері.
ДК Тәуелсіз директорының кандидаттарына қойылатын талаптар
1) Кемінде 500 адамы бар ұйымда басқарушылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
2) Акционерлік қоғамдардың және тиісті саланың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, соның ішінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы Корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін білуі.
Қоғамның ДК тәуелсіз директоры болып келесі тұлға сайлана алмайды:
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлға;
2) осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғасы болып табылатын және оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында (осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда) болған тұлға, осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғаларына қатысты аффилирленген тұлға болып табылатын тұлға;
3) осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғалары — ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен бағыныстылық байланыста болған және ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында осы тұлғалармен бағыныстылықта болған тұлға;
4) мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлға;
5) осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылатын және ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында оның өкілі болған тұлға;
6) осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысқан және ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында осындай аудитке қатысқан тұлға.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынуы қажет:
1) осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;
2) кандидаттың түйіндемесі (резюмесі);
3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
7) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар;
8) осы хабарландыруға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер.
Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелерін, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымхаттарды) ұсына алады.
Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімнің түпнұсқасын конвертке салып, оған: «Түпнұсқа» деп белгі соғады.
Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып бекітіледі.
Ішкі және сыртқы конверттер келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1 «ҚазҰМУ» КеАҚ интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша «ҚазҰМУ» КеАҚ-на жолдануы;
2 «Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын іріктеу» және «29.06.2026 ж. 09.00 дейін ашуға болмайды» (конверттерді ашудың «ҚазҰМУ» КеАҚ интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 050000 Алматы қ., Төле би көш., 94, ректорат корпусы, 227-кабинет (2-қабат), Корпоративтік дамыту басқармасы. Анықтама телефондары: 338-70-80 ішкі 71-97, комиссия хатшысы Федорова Екатерина Игоревна.


