«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті » коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ғылыми-клиникалық қызмет және цифрландыру жөніндегі проректор лауазымына кандидаттар іріктеу туралы хабарлайды
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94.
Есептілігі: Ректор.
Лауазымдық міндетінің қысқаша сипаттамасы:
университеттің ғылыми, зерттеу және клиникалық қызметтерінің, сондай-ақ цифрландырудың басым бағыттарын анықтайды; Университеттің клиникалық және білім беру қызметтерінің аясын қолдау және кеңейту мақсатында инновациялық технологияларды енгізу мен тартуды қамтамасыз етеді; медициналық және кеңес беру қызметін ұйымдастырады және бақылайды; медициналық ұйымдармен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді, соның ішінде. халықаралық, клиникалық мәселелер бойынша медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар жүргізеді; қосымша және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды; ұсынылған өкілеттіктер шеңберінде облыстар мен қалалардың денсаулық сақтау басқармаларымен, ғылыми-зерттеу институттарымен және ғылыми орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды; ғылыми және білім беру қызметінің интеграциясын қамтамасыз етеді.
Біліктілік, дағдылар:
— Стратегия құру, бірнеше функциялар мен процестерді жоспарлау және біріктіру деңгейіндегі басқару дағдылары;
— Медициналық қызметтерді тиімді көрсету, клиникалық, ғылыми, инновациялық қызметті ұйымдастыру және персоналды дамыту саласындағы озық тәжірибелер мен технологияларды білу;
— бизнес процестерді үнемі жетілдіру, стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласындағы білім, операциялық және ұйымдастырушылық бизнес моделінің тиімділігін арттыру қағидаттарын білу;
— Жұмыста басқа компаниялардың және бизнестің басқа салаларындағы ең жақсы тәжірибені пайдалана білу;
— Келіссөздер жүргізу дағдылары (сендіру қабілеті, өзара тиімділікті іздеуге бағыттау) және дамыған коммуникативтік дағдылар (менеджерлермен және еңбе ұжымымен байланыс);
— Денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы жергілікті және халықаралық деңгейде жоғары деңгейлі байланыстардың кеңінен орнату (мүмкіндігінше);
— Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білу.
Құзіреттіліктер:
- Күрделі мәселелерді шешу;
- Команда құру және дамыту;
- Кәсіби мамандарды іздеу және тарту;
- Өзара тиімді серіктестік құру;
- Өзгерістерді басқару;
- Көшбасшылық.
Келесі біліктілік талаптарына жауап беретін, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған кез-келген тұлға және оның ішінде шетелдік азаматтар да құжаттарды ұсына алады:
Білімі:
Денсаулық сақтау саласындағы жоғары білім, ғылыми дәрежесінің / PhD докторы дәрежесінің болуы.
Жұмыс тәжірибесі:
Денсаулық сақтау/ жоғары білім беру саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл.
Соңғы 5 жылдағы жеке жетістіктер:
Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) мәліметтері бойынша 1, 2 және 3 квартильге енген немесе сәйкес немесе Scopus (Скопус) деректер базасындағы CiteScore (СайтСкор) мәліметі бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын халықаралық рецензияланған журналдарда жарияланған кем дегенде 3 мақаласы болуы, Хирша индексінің (h-индекс) көрсеткіші 3-тен кем болмауы.
Үміткерлер келесі құжаттарды электронды және қағазға басылған түрде тапсырулары тиіс:
- Іріктеуге қатысу туралы өтініш;
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме фотосуретпен;
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімі және кәсіби даярлығы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері;
- Жеке куәліктің (төлқұжаттың) көшірмесі;
- Белгіленген тәртіппен берілген сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама;
- Соңғы бес жылдағы қызметінің нәтижесі (жеке жетістігі) (ғылыми еңбектердің, өнертабыстардың тізімі, біліктілікті арттыру, марапаттар жөніндегі ақпарат растайтын құжаттармен бірге);
- Қызмет аясын алдағы 5 жылда дамыту болашағы туралы жоспары .
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, 108 кабинет. Анықтама алу үшін телефон: 3387080, электронды пошта [email protected].
Сұхбат жүргізу уақыты мен орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат
Ескерту. Алдын ала іріктеуден (құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру) өткен үміткерлер Комиссияда сұхбаттасудан өтеді.