С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті медицина және денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге Университетішілік гранттар конкурсын өткізу туралы хабарлайды.
ХАБАРЛАМА
Құрметті университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы!
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті медицина және денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге Университетішілік гранттар конкурсын өткізу туралы хабарлайды.
Басым бағыттар:
- Медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы – 2 грант;
- Дербестендірілген медицинаны дамыту үшін әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу – 2 грант;
- Аурулардың алдын алу және эпидемиологиясы – 2 грант;
- SARS CoV-2 (COVID-19) диагностикасы, емі және алдын-алуы – 2 грант.
Өтінімдер Конкурстық құжаттамаға сәйкес рәсімделеді. Ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру мерзімі – 1-3 жыл.
Өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі 01 наурыз 2021 жыл, сағат 14.00-ге дейін.
Өтінімді рәсімдеу бойынша анықтамалар алу үшін байланыс телефондары: 3387090, ішкі 7132, 7110