С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ғылым-технологиялық парктің бос лауазымына орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Вакантты лауазымның атауы: Ғылыми-технологиялық парк бизнес-инкубаторының бас маманы – 1 бірлік.
Негізгі талаптар:
– Жоғары білім.
– Инновациялық кәсіпкерлік саласында 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы.
Келесі дағдылардың болуы қажет:
– Университеттің ғылым-технологиялық технопаркі қызметіне байланысты салалардағы нарықты және үрдістерді білу.
– Бизнес-инкубациялау процестерін және стартаптарды дамыту, оның ішінде бизнес-идеяларды бағалау, бизнес-жоспарларды дайындау, қаржыландыруды тарту және жобаларды басқару процестерін түсіну.
– Мемлекеттік тілді және ең танымал шетел тілдерінің бірін мамандық бойынша мемлекеттік (шетел) тілін тиімді қолдана алатындай кәсіби деңгейде білу, іскерлік келіссөздер жүргізу және құжаттамамен жұмыс істеу.
– Потенциалды инвесторлармен және серіктестермен өзара әрекеттесу үшін коммуникативті және келіссөз жүргізу дағдылары.
– Жаңа зерттеулер мен жобалардың коммерциялық әлеуетін бағалау үшін аналитикалық дағдылар.
– Биомедициналық ғылымдардың негізгі принциптерін және медициналық технологияларды білу қалаулы.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7022 телефоны арқылы алуға болады.