С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Шэньчжэнь университетімен (ҚХР) бірлескен медициналық зерттеулерге арналған жаңа заманауи зертхана ашылады
Бүгін Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Шэньчжэнь университеті арасындағы Қазақ-Қытай ғылыми-білім беру орталығының Ғылым академиясын құру туралы келісімге қол қою салтанатты рәсімі өтті. Осы Келісім аясында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Шэньчжэнь университеті (ҚХР) және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы арасында бірлескен зертхана құру туралы үшжақты меморандумға да қол қойылды. Бұл Келісімге қол қою Қытай Халық Республикасының Президенті Си Цзиньпин мырзаның Қазақстанға ресми сапары барысындағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Келісім елдер арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға және бірлескен зерттеулерді ілгерілетуге бағытталған. Бірлескен зертхана Алматы қаласында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында орналасады.
Салтанатты шараға академиялық қоғамдастықтың жоғары лауазымды өкілдері С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Шоранов Марат Едігеұлы, Шэньчжэнь университетінің медицина факультетінің атқарушы деканы профессор Синчжи (Ксавьер) Сюй, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы президентінің міндетін атқарушы Ералиева Ляззат Тасболатқызы және Қытай Халық Республикасының Жан Вэйдегі Бас консулы, сонымен бірге ғылым саласындағы жетекші қазақстандық ғалымдар қатысты.
ҚазҰМУ Басқарма төрағасы – ректоры Марат Шоранов бұл маңызы зор оқиға Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми және білім саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңі болып табылатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық дамудың жаңа «алтын кезеңіне» аяқ басты деп сеніммен айта аламыз. Біздің байланыстарымыз тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімге және екі халықтың әл-ауқатының жақсаруына зор ықпал етеді. Ал біз университеттеріміздің ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастығына өте қуаныштымыз», – деді ҚазҰМУ ректоры.
Шэньчжэнь университетінің медицина факультетінің атқарушы деканы, профессор Синчжи (Ксавьер) Сюй атап өткендей, бірлескен зертхана құру ғылыми-зерттеу жобаларын дамытудағы маңызды қадам болады және білім алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
«Біз бұл ынтымақтастық Қазақстанға да, Қытайға да пайда әкелетін көптеген перспективалы бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізетініне сенімдіміз», – деп атап өтті Синчжи (Ксавьер) Сюй мырза.
Қол қойылған келісім аясында Шэньчжэнь-Алматы медицина ғылымдарының жетілдірілген зертханасы құрылады және жетілдіріледі. Ынтымақтастық бағыттары табиғи өнімдерден дәрі жасау, геномның тұрақсыздығы мен ісік генезисін, жұқпалы иммунитет пен қабынуды зерттеу, медициналық техниканы дамытуды қамтиды. Бірінші ұсынылып отырған бірлескен ғылыми жоба – «Фито-шикізат негізіндегі жаңа дәрілердің көп мақсатты дизайны». Бірлескен зертхана құру биыл басталады деп жоспарлануда.
«Зертхананың бір бөлігі С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде екіншісі Шэньчжэнь университетінде орналасады. Бұл бірегей орталық болады. Бұл ғалымдармен алмасу үшін тамаша мүмкіндік, бағдарлама Шэньчжэнь университетінің қабырғасында 3 айдан 1 жылға дейін тағылымдамадан өтуді көздейді. Сатып алынатын құрал-жабдықтар арқылы Қазақстанның әр түкпірінен келген дәрігерлер мен жас ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылады, оқытушылармен, профессорлармен алмасу жүзеге асады әрине, әр түрлі бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргіземіз. Ал жоспарлап отырған алғашқы зерттеулеріміздің бірі фармацияға қатысты. Қазақстанда әлі қажетті көлемде пайдаланылмай жатқан өсімдік шикізатының орасан зор екенін білесіздер. Бұл зертхананы ісікке қарсы белсенділікке негізделген отандық препараттарды іздеуді жоспарлап отырмыз», – деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президентінің м.а. Ляззат Ералиева.
Қытайдың Шэньчжэнь университеті (SZU) 1983 жылы құрылған және 2024 жылы USNews әлемдік рейтингінде 187-ші орында. Университетте 250 астам халықаралық оқытушылар жұмыс істейді. SZU медициналық мектебі биомедициналық инженерия және биология бойынша PhD мамандарын даярлайды. SZU түлектері Tencent – Пони Ма, Giant Interactive Group – Ши Юйчжу, Geely Holding Group – Ли Шуфу, Lens Technology – Чжоу Цюньфэй сынды танымал кәсіпорындардың көптеген құрылтайшылары мен бас директорлары бар.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – Қазақстандағы жетекші медициналық зерттеу университеті. Университет заңды түрде қазақстандық ғылымның көшбасшыларының бірі болып саналады. Университетте 7 ғылыми зертхана, сондай-ақ жақында ашылған Технопарк бар. Біздің ғалымдар медицина, фармация, биоинженерия және басқа да салалардағы бірегей жобалармен жұмыс істейді, бұл кейіннен басқа мамандардың жұмысын жеңілдетеді. 2023 жылғы Қазақстанның ұлттық рейтингінің қорытындысы Хирш индексі бойынша университет үздік ғылыми ұйымдардың үздік бестігіне енді. Жариялану белсенділігі жыл сайын артып келеді, 342 штаттық оқытушы Хирш индексіне ие. ҚазҰМУ басшылығымен Қазақстан Республикасында дербестендірілген және профилактикалық медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды. Ауқымды жоба үш жыл ішінде жүзеге асырылды, нәтижесінде ғалымдардың зерттеулері медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін практикалық денсаулық сақтауда жүзеге асырылуы мүмкін.
ҚазҰМУ ғылым, бизнес және мемлекет үшін тартымды орынға айналуға ұмтылады. Мұнда ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру мақсатында Технопарк табысты жұмыс істейді. Технопарк құрылымына бизнес-инкубатор, Life Science зертханасы, коммерцияландыру орталығы және өнеркәсіптік өндіріс бөлімі кіреді.