С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бос лауазымға (декреттік демаыс орнына) орналасуға кандидаттардың іздестіруді жариялайды
Бос лауазымның атауы:
Академиялық сапа бөлімінің аға әдіскері – 1 бірлік (декреттік демалыс орнына).
Негізгі талаптары:
- Жоғары білімнің болуы;
- Білім беру жүйесінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы
Мынадай құзыреттердің болуы:
- Атқаратын лауазымы шеңберінде мамандығы бойынша Мемлекеттік (шет) тілді толыққанды қолдану, іскерлік келіссөздер жүргізу және құжаттамамен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін кәсіби деңгейде мемлекеттік тілді және неғұрлым кең таралған шет тілдерінің бірін меңгерген жөн;
- білім беру қызметінің сапасы мен рейтингін қамтамасыз ету рәсімдерін білу;
- аналитикалық ойлау;
- жауапкершілік, әдептілік;
- барабар бағалау және өзін-өзі бағалау қабілеті;
- стресске төзімділік;
- қарым-қатынас дағдылар;
- тәртіп, ұқыптылық;
Түйіндемені қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7023 телефоны арқылы алуға болады.