С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде медицина мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламаларын өзектендіру жөніндегі дөңгелек үстелі өтеді
2025 жылғы 12 наурызда С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Денсаулық сақтау мамандарының үздік тәжірибелер қағидаттарын ескере отырып біліктілігін арттыру бағдарламаларын өзектендіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Бұл шара медициналық білім беру саласындағы жетекші сарапшыларды, медициналық ұйымдардың өкілдерін және кәсіби қауымдастықтарды біріктіріп, үздіксіз медициналық білім беру жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері мен мүмкіндіктерін талқылауға бағытталған.
Дөңгелек үстелдің мақсаты денсаулық сақтау мамандарының үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін біліктілікті арттыру бағдарламаларының өзектілігін талқылау; халықаралық және ұлттық үздік тәжірибелерді енгізу жолдарын қарастыру. Сондай -ақ дөңгелек үстел тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге, атап айтқанда: Денсаулық және амандық: медициналық қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру арқылы; Сапалы білім: білім беру әдістемелерін жетілдіру арқылы; Өндірістік жұмыспен қамту және экономикалық өсу: денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлық әлеуетті дамыту арқылы үлес қосуға бағытталған.
Іс-шара аясында интерактивті фасилитациялық сессия өтеді, онда қатысушылар білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады. Талқылау медициналық мамандардың оқыту үдерісін заманауи талаптарға сай тиімді етуге бағытталады.
Өтетін орны: Алматы қ., Төле би 94, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, кіші конференция залы, ректорат
Басталу уақыты: 10.00.