С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті төменде аталған кафедралар меңгерушілерінің ваканттық лауазымдарына конкурс жариялайды
- Гепатология курсымен №1 Ішкі аурулар кафедрасы – 1;
- Эндокринология – 1;
- Клиникалық фармакология – 1;
- №1 психиатрия және наркология – 1;
- Геронтология курсымен №1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы – 1;
- Амбулаторлық поликлиникалық педиатрия – 1;
- №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы – 1;
- Дерматовенерология – 1;
- Жүрек-қан тамырлар хирургия курсымен №3 Хирургия кафедрасы – 1;
- Травматология және ортопедия – 1;
- №1 Балалар аурулары – 1;
- Қоғамдық денсаулық сақтау – 1;
- Медициналық курсымен денсаулық сақтау саясаты және басқару – 1;
- Экономикалық теориямен экономикалық денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру – 1;
- Биостатистика және ғылыми зертеу негіздері – 1;
- Жалпы гигиена және экология – 1;
- Ұйымдастыру, басқару және экономикалық фармация және клиникалық фармация – 1;
- Дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер – 1;
- Химия-фармацевтикалық пәндер кафедрасы – 1;
- Терапевтикалық стоматология – 1;
- Сот медицинасы курсымен патологиялық анатомия – 1;
- Ішкі аурулар пропедевтикасы – 1;
- №2 Акушерлік және гинекология – 1;
- ЖОО-ға дейінгі даярлау – 1;
- №2 Акушерлік және гинекология – 1;
- Балалар ауруларының пропедевтикасы – 1;
- Анестезиология және реаниматология – 1;
- Қалыпты анатомия – 1;
- Жалпы иммунология – 1;
- Биофизика курсымен информатика – 1;
- Тіршілік қауіпсіздік негіздер курсымен дене шынықтыру – 1;
- Биохимия және химия – 1;
- №3 Жалпы дәрігерлік тәжірибе;
- Психиатрия және наркология №2 – 1;
- Нейрохирургия курсымен №2 Жүйке аурулары – 1;
- №2 Хирургия – 1;
- Балалар хирургиясы, анестезиология және реанимация – 1;
- Гигиена курсымен және медициналық еңбек және коммуналдық гигиена, балалар және жасөспірімдер гигиена курсымен нутрициология – 1;
- Медбикелік іс және миірбикелік тәжірибені ұйымдастыру – 1;
- Стоматология бойынша интернатура және резидентура – 1;
- Дипломнан кейінгі білім беру факультеті – 1.
Үміткерлерге талап:
- жоғары кәсіби білім;
- ғылыми дәреже, ғылыми атақ;
- ғылыми-педагогикалық және сонымен қатар басшылық қызметте жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
- клиникалық кафедраға құжаттарын тапсырған үміткер: маман сертификаты, немесе дәрігерлік категория – жеке тұлғаға нақты мамандық бойынша дәрігерлік қызмет етуге құқық беретін, уәкілетті мемлекеттік органнан берілген, белгіленген нұсқа бойынша құжат болуы міндетті;
- бөлімшеде оқытылатын профильдік пән бойынша жоғары дәрігерлік дәреженің болуы.
Барлық үміткерлердің атқаратын қызмет аясында мамандық бойынша мемлекеттік және ағылшын тілін толық қолдануды қамтамасыз етуге, құжаттармен жұмыс істеуге және оқу үрдісін жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде мемлекеттік тілді және ағылшын тілін білуі құпталады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысып, келешекте Еңбек шартын жасауға ниет білдірген тұлғалар Университет ректорының атына өтініш жазады. Өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:
- жеке куәліктің көшірмесі;
- еңбек өтілімін дәлелдейтін құжат;
- кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ, профессорлық-оқытушылық құрам және ғылыми кадрларды есепке алу бөлімінің бастығымен куәландыру;
- жоғары білім туралы дипломдар, академиялық және ғылыми дәреже, ғылыми атақ туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
- сотталмағандық туралы анықтама;
- ағалышын тілін меңгеру деңгейі туралы сертификат;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмелері (бар болған жағдайда);
- кафедра меңгерушісі, декан және университет ғылыми хатшысының қолы қойылған ғылыми еңбектері мен әдістемелік жұмыстар тізімі (бар болған жағдайда);
- №086 формалы медициналық анықтама. Ағымдағы оқу жылында жеке ісіне медициналық анықтаманы тіркеген жағдайда, профессорлық-оқытушылық құрам және ғылыми кадрларды есепке алу бөлімінің бастығымен куәландырылған медициналық анықтаманың көшірмесін тапсыруы керек;
- университеттің клиникалық кафедраларының лауазымдық орнына құжат тапсырған конкурс қатысушылар, жоғарыдағы аталған құжаттарға қоса, клиникалық базаларынан, клиникалық департамент пен емдеу-алдын алу ұйымының басшысының қолы қойылған мінездеме тіркеуі қажет;
- соңғы 2 жылда ашық сабақ, лекция өткізген жайлы, білім беру комитетінің ұйымы мен тәуелсіз сарапшылар тобының мүшелерінің қорытындысы;
- басқа мекемеде жұмыс істейтін конкурсқа қатысушы үміткерлер, соңғы жұмыс орынан, мекеменің бірінші басшының қолы қойылған мінездемені ұсыну керек.
Құжаттарды қабылдау уақыты – газетке жарияланған күннен бастап 1 ай.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 153, №5 оқу ғимараты, №203 кабинет, конкурстық комиссия хатшысы. Телефон 8(727) 338-70-94 (вн. 7022).