С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да «Бірлік» кіші Ассамблеясының туған күніне орай «Достықтың алтын көпірі» атты мерекелік іс-шара өтті
Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша 2017 жылдың 3 караша күні «Concordia» театрында «Достықтың алтын көпірі» атты С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Бірлік» кіші Ассамблеясының 4 жылдық туған күнін атап өту мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мерекелік іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚазҰМУ «Бірлік» кіші Ассамблеясы, Шет тілі және кәсіби шет тілі кафедрасының меңгерушісі О.Я.Сулейменова, аға оқытушылары С.Х. Сағантаева, Г.Т Абдуллаева, А.А Тилембаева, Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бөлімінің қызметкерлері болды. «Бірлік» Кіші Ассамблеясының туған күнімен Студенттік ұйымдар атынан Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасы Ж.Солтанай құттықтау тілек айтты. Мерекелік іс-шараға арнайы құттықтай келген қонақтарымыз «I аm a singer Kazakhstan» байқауының қатысушысы Азиза Низамова, «Долан» Ұйғыр би ансамблі, «КавказКЗ» би ансамблі, ҚазМемҚызПУ «Достық» жастар ұйымы өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, концертке университетіміздің талантты студенттері де қатысты. Іс-шара барысында Қазақ жерінде мекендейтін барлық халықтардың ұлтаралық бірлігін көрсететін әуезді әндері шырқалып, мың бұралған бишілер өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Мереке соңында қонақтар мен ұйымдастырушыларға «Бірлік» Кіші Ассамблеясы атынан алғыс хаттар табысталды. Концертке келген көрермен қауымы көздің жауын алатын әртүрлі ұлттардың киімдерін, өнерлерін тамашалап, зор қуанышпен тарқасты. Мереке соңында университет студенттері ұйымдастырушылар және қонақтармен ескерткіш суретке түсіп, қуаныштарын бөлісіп жатты. Бірлігі жарасқан еліміздің достығы мен мәртебесін арттыратын осындай игі істер жалғасын таба берсін демекшіміз.
Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарма,
Шет тілі және кәсіби шет тілі кафедрасы,
ҚазҰМУ«Бірлік» кіші Ассамблеясы