С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да патологиялық анатомия пәні бойынша жоғарғы оқу орындары студенттері арасындағы олимпиада өтті
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің базасында патологиялық анатомия бойынша бірінші қалалық жоғарғы оқу орындары студенттері арасындағы өткен олимпиада аяқталды, оған ҚазҰМУ және ҚРМУ студенттері қатысты.
С.Ж.Асфендияровтың туғанына 135 жыл толуына арналған іс-шараларды жүзеге асыру аясында биылғы жылы патологиялық анатомия пәні бойынша өткізілген бірінші қалалық жоғарғы оқу орындары студенттері арасындағы өткен олимпиаданың қорытындысы шығарылды!
04.12.2024 жылы 6 конкурстан тұратын олимпиада сайысы өтті, оған С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің (ҚазҰМУ) және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің (ҚРМУ) жалпы медицина мектебі мен педиатрия мектебінің үшінші курсынан 20 студенттері қатысты. Қатысушыларымыз келесі конкурстарды ойдағыдай сәтті аяқтады: 1) тестік тапсырмалар; 2) анықтамасын табу; 3) эпонимдер; 4) ситуациялық есептер; 5) бейнелеу өнері және бет-әлпеті бойынша патологиялық анатомия; 6) морфологиялық диагностика (әртүрлі макро – мен микропрепараттардың сипаттамасы).
Қатысушылар қиын тестік тапсырмалары мен кейс-есептерді шеше отырып, патологиялық анатомия саласында ғана емес, басқа да медициналық пәндерде жақсы білім деңгейін байқатты, сондай-ақ клиникалық ойлау қабілеттерінде көрсете білді!
Барлық конкурстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздарымыз мынадай болды:
Бірінші орын: ҚазҰМУ «Патогенераторы» командасы және «Астроцит» командасы.
Бірінші дәрежелі дипломдар мен сертификаттарды Патогенераторы орыс тобы алды: Каримов Мустафа, Ахмедова Диана, Жатқанбаева Амина, Оразалина Арайлым, Тастемір Зере.
Ғылыми жетекшілері: Алшериева Улдана Алшериевна, Бастимиева Бахжамаш Ертаевна, Жубаев Рей Сұлтанович, Стойлов Владимир Владимирович
Бірінші дәрежелі дипломдар мен сертификаттарды Астроцит қазақ тобы алды: Маратов Арна, Күтан Ақнұр, Тұрлыбекова Жанна, Қуанышбек Мөлдір, Әлмұқан Айғаным.
Ғылыми жетекшілері: Серікбай Мерейлі Қармантайқызы, Анаятова Бағдагүл Жамалиевна
Екінші орын: ҚРМУ «Эксперты» командасы және «Metomorphosis» командасы.
Екінші дәрежелі дипломдар мен сертификаттарды Эксперты орыс тобы алды: Исламова Юлтузай, Молотова Риана, Гулам Али Табасум, Бердыбаев Сардор, Хакимов Расул.
Ғылыми жетекшісі: Аширбеков Гамаль Каримович
Екінші дәрежелі дипломдар мен сертификаттарды Metomorphosis қазақ тобы алды: Аннаева Фариза, Мергенбаева Елдана, Шатанов Алибек, Омурзаков Жеңіс, Бекебай Бақыт.
Ғылыми жетекшісі: Ержігіт Жанар
Олимпиаданың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына шын жүректен алғысымызды айтамыз. Студенттерімізді және олардың ғылыми жетекшілерін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және одан әрі еңбектеріне толағай табыс, зор денсаулық тілейміз!