С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де маңызды оқиға!
Жұмыс берушілер мен түлектердің мүдделерін біріктіру, сонымен қатар, жас мамандарымызға жұмысқа орналасуға ықпал ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның медициналық қызметінің өкілдерімен кездесу өткіздік.
Университет проректоры У.М.Датхаев іс-шараның ашылуына алғы сөз сөйлеп, кездесудің маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында бос жұмыс орындары, еңбек жағдайлары, жалақы деңгейі және әлеуметтік жәрдемақының ағымдағы жылы айтарлықтай жақсартылғаны туралы ұсыныстар қамтылды!
Кездесу барысында 20-дан астам өкіл бітірушілерімізге өздерінің бос жұмыс орындары мен енбек жағдайлары турал айтып берді. Бұл – жұмыс орындарын таңдауға және кәсіби өсу деңгейі туралы білуге тамаша мүмкіндік!
Біздің ҚазҰМУ Түлектердің мансап орталығы кездесуге қатыса алмағандарды ескере отырып, қосымша ақпарат алу үшін және болашақ жолыңызды таңдауда қолдау алу үшін бізбен байланысуға шақырады.
Сіздердің кәсіби жолдарыңыңызға сәттілік тілей отырып, шын жүректен табыс тілейміз!