С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ дипломнан кейінгі білім беру факультетінің резиденттерінің назарына!
Академиялық ұтқырлық шеңберінде Бинали Йылдырым атындағы Эрзинджан университеті-Менгючек Гази оқу-зерттеу ауруханасында (Түркия) оқуға іріктеу конкурсы жарияланады.
Құрметті ҚазҰМУ резиденттері!
1-қосымшада көрсетілген мамандықтар бойынша С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің дипломнан кейінгі білім беру факультетінің 1 және 2 курс (бітіруші емес) резиденттері үшін академиялық ұтқырлық бойынша Бинали Йылдырым атындағы Эрзинджан университеті-Менгючек Гази оқу-зерттеу ауруханасына (Түркия) 2022-2023 оқу жылы көктемгі семестр кезеңінде оқуға баруға үміткерлерді іріктеу конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды.
Жол ақысы (ұшақпен) шығыны Университет қаражаты есебінен төленеді. Жатақханада тұру шығындары білім алушының есебінен.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Ағылшын немесе түрік тілдерін білуі керек;
- Оқу үлгерімі – GPA 3,0-ден төмен болмауы керек (транскрипт);
- Академиялық қарыздың болмауы қажет;
- Оқу тәртібін және этикалық нормаларды бұзушылықтардың болмауы керек;
- Төлқұжаттың болуы (паспорт);
- Университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысу;
- Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша аталған мамандықтар (1-қосымша) бойынша 25 резидент іріктеледі.
Университет есебінен конкурстық іріктеуден өтпеген резиденттер өз есебінен академиялық ұтқырлық бойынша бара алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (Портфолио):
- Мотивациялық хат;
– СV (түйіндеме);
- GPA орташа баллы 3,0-ден төмен емес (транскрипт);
- Төлқұжаттың көшірмесі;
- Ағылшын немесе түрік тілін білетіні туралы сертификат көшірмесі (бар болса);
- Резиденттің ҚазҰМУ-да оқитыны туралы анықтама;
- Университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне қатысуын растайтын дипломдар, сертификаттар.
Үміткерлер жинаған құжаттарын дипломнан кейінгі білім беру факультетіне және көшірмелерін корпоративтік поштаға ([email protected]) 06.02.2023 ж. дейінгі мерзімде өткізуі қажет.
Барлық сұрақтар бойынша дипломнан кейінгі білім беру факультетіне, мекенжайы: Маметова 3 көшесі, Пушкин көшесінің қиылысы, 2 қабат, №4,5 бөлмелер және Халықаралық ынтымақтастық басқармасы, мекенжайы: Төле би 88, оқу корпусы 4, 1 қабат, 135 бөлме немесе пошта арқылы [email protected] және [email protected] (тел.3387049,3387046, ұялы тел: 8-778-314-25-88) хабарласуыңызды сұраймыз.
1 қосымша:
2022-2023 оқу жылына (көктем) мамандықтар бойынша академиялық ұтқырлық аясында Бинәлі Йылдырым атындағы Эрзинджан университетіне жіберуге жоспарланған резиденттер саны
N |
Мамандықтар |
Университет есебінен баратын резиденттер саны | Өз есебінен баратын резиденттер саны
|
1. | Акушерия және гинекология ересектер, балалар | 1 | 1 |
2. | Анестезиология және реаниматология ересектер, балалар | 1 | 1 |
3. | Дерматовенерология ересектер, балалар
|
1 | 1 |
4. | Балалар хирургиясы | 1 | 1 |
5. | Жұқпалы аурулар ересектер, балалар | 1 | 1 |
6. | Кардиология ересектер, балалар
|
1 | 1 |
7. | Ангиохирургия ересектер, балалар | 1 | 1 |
8. | Неврология ересектер, балалар | 1 | 1 |
9. | Нейрохирургия ересектер, балалар | 1 | 1 |
10. | Жедел көмек медицинасы ересектер, балалар | 1 | 1 |
11. | Нефрология ересектер, балалар | 1 | 1 |
12. | Жалпы хирургия | 1 | 4 |
13. | Ортодонтия
|
1 | |
14. | Оториноларингология ересектер, балалар | 1 | 1 |
15. | Офтальмология ересектер, балалар | 1 | 1 |
16. | Педиатрия | 1 | 1 |
17. | Психиатрия ересектер, балалар | 1 | 1 |
18. | Пульмонология ересектер, балалар | 1 | 1 |
19. | Радиология | 1 | 1 |
20. | Отбасылық медицина | 1 | 1 |
21. | Балалар жасындағы стоматология | 1 | |
22. | Травматология-ортопедия ересектер, балалар | 1 | 1 |
23. | Урология және андрология ересектер, балалар | 1 | 1 |
24. | Физикалық медицина және оңалту ересектер, балалар | 1 | 1 |
25. |
Хирургиялық стоматология
|
1 | |
Барлығы | 25 | 25 |