С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің «Радиология» білім беру бағдарламасы бойынша резиденттердің назарына!
Академиялық ұтқырлық шеңберінде Газиантеп университетінде (Түркия) оқуға іріктеу конкурсы жарияланады.
Құрметті ҚазҰМУ резиденттері!
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-і Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің «Радиология» мамандығы бойынша 2 курс резиденттері үшін академиялық ұтқырлық бойынша Газиантеп университетінде (Түркия) 17.04.2025 ж.-02.06.2025 ж. аралығында оқуға баруға үміткерлерді іріктеу конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды.
Жол ақысы (ұшақпен) шығыны Университет қаражаты есебінен төленеді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Ағылшын немесе түрік тілдерін білуі керек;
- Оқу үлгерімі – GPA 3,0-ден төмен болмауы керек (транскрипт);
- Академиялық қарыздың болмауы қажет;
- Оқу тәртібін және этикалық нормаларды бұзушылықтардың болмауы керек;
- Төлқұжаттың болуы (паспорт);
- Университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысу;
- Конкурстық іріктеу нәтижелері аталған мамандық бойынша 3 резидент іріктеледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (Портфолио):
- Мотивациялық хат;
– СV (түйіндеме);
- GPA орташа баллы 3,0-ден төмен емес (транскрипт);
- Төлқұжаттың көшірмесі;
- Ағылшын немесе түрік тілін білетіні туралы сертификат көшірмесі (бар болса);
- Резиденттің ҚазҰМУ-да оқитыны туралы анықтама;
- Университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне қатысуын растайтын дипломдар, сертификаттар.
Үміткерлер жинаған құжаттарын дипломнан кейінгі білім беру факультетіне және көшірмелерін корпоративтік поштаға ([email protected]) 02.04.2025 ж. дейінгі мерзімде өткізуі қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Дипломнан кейінгі білім беру факультетіне (мекенжайы: Маметова 3 көшесі, Пушкин көшесінің қиылысы, 2 қабат, №16 бөлме) хабарласуыңызды сұраймыз.