С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ » КЕАҚ білім алушылары үшін ақпарат Маңғыстау облысының жергілікті бюджет қаражаты есебінен одан әрі оқу үшін жергілікті атқарушы органдардың грантына ақылы негізден ауысуға арналған конкурс
«С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ-да ақылы негізде Маңғыстау облысының барлық білім алушылары жоғары білім алу процесінде босаған ЖАО бос білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға тілек білдірушілерге 2022 жылдың 27 мамырынан бастап 2022 жылдың 10 маусымына дейін Маңғыстау облысының ЖАО білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш беруі қажет (Қосымша 1).
– ЖОО басшысының атына өтініш жазу және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тіркеу (сканерленген құжаттарды декан орынбасарының электронды почтасына жіберу және құжаттардың түпнұсқасын деканатқа өткізу қажет);
– Маңғыстау облысында тұратыны растайтын құжат;
– Орта білім туралы Аттестат;
– АИС «Сириус»-тағы жеке кабинеті арқылы «Білім грантына өтініш беру» қосымшасынан өтініш беру.
Көрсетілген күннен кейін құжаттар қабылданбайтынына назар аударыңыз.
Қосымша 1
Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының бос білім гранттарының саны
С.Ж.Асфендияров атындағы КазҰМУ-де ЕП және курстар аясында
27.05.2022 ж.
№ | Мамандық атауы | Оқу деңгейі | Қазіргі курсы | Келесі курсқа көшкеннен кейінгі курсы | Босаған грант саны | ||
В086-Жалпы медицина | бакалавриат | 1 | 2 | 1 | |||
В086-Жалпы медицина | бакалавриат | 2 | 3 | 1 | |||
Жалпы саны: | 2 |