С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ » КЕАҚ білім алушылары үшін ақпарат Жамбыл облысының жергілікті бюджет қаражаты есебінен одан әрі оқу үшін жергілікті атқарушы органың грантына ақылы негізден ауысуға арналған конкурс
«С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ-да ақылы негізде Жамбыл облысының барлық білім алушылары жоғары білім алу процесінде босаған ЖАО бос білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға тілек білдірушілерге 2022 жылдың 14 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін Жамбыл облысының ЖАО білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш беруі қажет (Қосымша 1).
- ЖОО басшысының атына өтініш жазу және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тіркеу (сканерленген құжаттарды декан орынбасарының электронды почтасына жіберу және құжаттардың түпнұсқасын деканатқа өткізу қажет);
- Жамбыл облысында тұратынын растайтын құжат;
- Орта білім туралы Аттестат;
- АИС «Сириус»-тағы жеке кабинеті арқылы «Білім грантына өтініш беру» қосымшасынан өтініш беру.
Көрсетілген күннен кейін құжаттар қабылданбайтынына назар аударыңыз.
Қосымша 1
Жамбыл облысы бойынша білім беру гранттарының саны
№ | Мамандығы | Оқу деңгейі | курсы | Босаған грант саны |
Облысы |
В086-Общая медицина | бакалавриат | 1 | 5 | Жамбыл | |
Жалпы саны: | 5 |