С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының бос лауазымына кандидат іріктеу конкурсы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК ректорының бос лауазымына кандидат іріктеу үшін конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны мен күні: Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 5 кіреберіс, анықтама телефоны 8 (7172) 74-32- 45
Кәсіпорынның орналасқан жері: 050008 Алматы қаласы, Төле би көшесі 88, телефоны (7272) 292-79- 37.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі.
Унверситет қызметінің мақсаты ұлттық және жалпыадамдық құндылықтар, ғылыми және тәжірибелік жетістіктер негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби жетілуіне бағытталған сапалы білім алуға қажетті жағдай жасау.
Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
- жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- ғылыми дәрежесі;
- білім беру ұйымдарында және/немесе білімді басқару мекемелеріндегі басшылық қызметте кемінде 5 жыл көлеміндегі еңбек өтілі;
- білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткендігін растайтын сертификаттың (куәлігінің) болуы;
- мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі;
- бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығының болмауы;
Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар қабылданбайды.
Конкурсқа осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары талаптарына сәйкес шетелдік азаматтарды қоса алғанда, барлық ниет білдірген тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- өтініш;
- мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған резюме;
- еркін түрде жазылған өмірбаян;
- білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- еңбек кітапшасының көшірмесі, немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмесі;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 «Денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттама формаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген формадағы денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Сондай-ақ кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды дамыту бағдарламасын ұсынуға болады.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс. Анықтама телефоны: 8 (7172) 74-32- 45.
Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде әңгімелесуден өтеді.