С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Студенттік құрылыс жасағы жұмысқа кірісті
2018 жылдың 02 шілдесінен бастап жазғы демалыс кезеңіне құрылған Студенттік құрылыс жасағы жұмысына кірісті. Осы жылы жасақ мүшелерінің саны 60 адамды құрайды. Жасақ мүшелері Университет аумағын абаттандыру және жатақханаларды тазалау, сонымен қатар арнайы қабілет пен лицензияны қажет етпейтін жөндеу жұмыстары мен қосалқы жұмыстарды орындайды.
Биыл Студенттік құрылыс жасағы туралы Ережеге сәйкес жасақтың әр мүшесін жұмыс күнінде бір рет тамақтандыру және материалдық ынталандыру қарастырылған. Қосымша жасақ мүшелері жұмыс кезінде Университет жатақханаларында тегін тұрумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ Алматы қаласының жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қорынан қоcымша еңбекақы жүргізіледі.
Студенттік құрылыс жасағы жыл сайын оқу жылы аяқталысымен конкурстық негізде студенттерді қоғамдық жұмысқа тарту, жастарды жұмыспен қамту және олардың жұмыспен қамтамасыз етілуін қанағаттандыру мақсатында құрылады. Жасақ мүшелері құрамына оқу бағдарламасын үздік бітірген және жұмыс жасауға ешқандай қарсы көрсеткіштері жоқ студенттер кіреді.
Нақты уақытта жасақ мүшелерімен жалпы жиналыс және қауіпсіздік техникасы бойынша алғашқы нұсқаулықтар жүргізілді.
Жастар саясаты басқармасы