С.Ж. Асфендияровтың 135 жылдығы және «Өнеге» жобасы аясындағы түлектермен кездесу
2025 жылғы 4 сәуір күні С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Даңқ залында жоғарғы курс студенттеріне арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Іс-шара С.Ж. Асфендияровтың 135 жылдығы және жас мамандарды қолдауға бағытталған «Өнеге» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Университет түлектері, бүгінгі таңда өз салаларында табысты еңбек етіп жүрген меймандар студенттермен өз тәжірибелерімен бөлісті:
•Анартаев Сәкен Мурасович — жоғары санатты дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, №7 Қалалық клиникалық аурухананың интервенциялық кардиология және эндоваскулярлық хирургия бөлімінің меңгерушісі;
•Макеева Гүлжан Аскарқызы — жалпы практика дәрігері, денсаулық сақтау магистрі, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Аудандық аурухана» ШЖҚ КМК-ның бастапқы медициналық-санитариялық көмек қызметінің басшысы;
•Халимназаров Тахир Армидинович — Республикалық сот сарапшылары палатасының мүшесі.
Кездесу жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтіп, студенттерге мол мотивация мен құнды кеңестер сыйлады.



























