С.Ж. Асфендияровтың туғанына 135 жыл толуына арналған «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ – КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҒАЛЫМ-ТАРИХШЫ, ДӘРІГЕР, ПРОФЕССОР» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының РЕЗОЛЮЦИЯСЫ
2024 жылдың 16 қазанында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өткен конференцияның басты назарында тарихи, әлеуметтік-гуманитарлық және филологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері болды.
Көрнекті ғалым, ұстаз және қоғам қайраткері Санжар Асфендияровтың өмірі мен қызметіне арналған конференция барысында қатысушылар оның медицина, білім беру және Қазақстанның қоғамдық ой-санасының дамуына қосқан үлесін талқылады.
Конференцияда келесі тақырыптар қарастырылды:
- Санжар Асфендияровтың мұрасы және оның Қазақстан Республикасындағы медициналық білім беру мен ғылымды тұрақты дамытудағы рөлі
- Санжар Асфендияровтың Қазақстан тарихын зерттеудегі рөлі
- Білім беру саласындағы инновациялар мәселелері
Ұсынылған баяндамалар теориялық және практикалық сипатта болды. Зерттеу нәтижелері тарихшы және филолог ғалымдардың С.Ж. Асфендияровтың өмірі мен тарихи еңбектері, соның ішінде архивтік деректер негізінде тарихи білімді сақтау мәселелеріне айрықша назар аударып отырғанын көрсетті.
Санжар Асфендияровтың идеялық мұрасы өте ауқымды және алуан түрлі болып табылады. Оған әлемдік танымалдық әкелген көптеген еңбектері дәлел. Ұлы ғалымның көзқарастары қазіргі уақытта әсіресе жас ғалым мәртебесі жоғарылаған, болашағы зор ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүзеге асыратын жас ғалымдарды қолдау жүйесі әзірленген жағдайда өте өзекті болып табылады. Конференцияға қатысушылар жас ғалымдардың, магистранттар мен студенттердің зерттеулерін, оның ішінде Санжар Асфендияров мұрасының қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік кеңістігіндегі рөлін анықтауға бағытталған зерттеулерін талқылап, Санжар Асфендияровтың еңбектерінің әлемдік өркениеттегі әлеуетін талдады. Конференция қатысушылары келесі міндеттерді қажет деп санайды: болашағы зор ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарын дамытуға ықпал ету; жас ғалымдардың, студенттердің және оқушылардың инновациялық технологияларды әзірлеуге бағытталған эксперименттік зерттеулерге қатысуын ынталандыру.
Конференция қатысушылары келесі бөлімдер бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды:
- Еңбегін мойындау: Конференция қатысушылары Санжар Асфендияровтың Қазақстан медицинасының қалыптасуы мен дамуына, медициналық білім берудің құрылуына және ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға қосқан зор үлесін мойындайды. Оның қызметі қазақстандық ғалымдар мен дәрігерлер үшін маңызды бағыт болып қала бермек.
- Ғылыми зерттеулерді қолдау: Санжар Асфендияровтың ғылыми мұрасын белсенді түрде зерттеу және насихаттау бойынша шаралар қабылдау қажет. Медицина тарихы мен Санжар Асфендияровтың өмірбаяны бойынша ғылыми зерттеулерді қолдау үшін қосымша гранттық бағдарламалар енгізу. Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы студенттер, магистранттар мен жас оқытушылардың ғылыми зерттеулерін ынталандыру.
- Медициналық білім беру және ғылымды дамыту: Конференцияға қатысушылар Санжар Асфендияровтың ғылыми және мәдени мұрасын жастар мен ғылыми қауымдастық арасында мәңгілік ету, сақтау және кеңінен тарату мақсатында «Қазақстан тарихы» курсына «Санжартануды» оқуды енгізуді ұсынады.
- Мұрасын танымал ету: Қазақстанның мәдени мекемелеріне, оның ішінде мұражайлар, мұрағаттар мен кітапханаларға Санжар Асфендияровтың өмірі мен қызметіне арналған көрмелер мен семинарлар ұйымдастыру ұсынылады. Бұл оның ғылыми және мәдени мұрасын жастар мен ғылыми қауым арасында сақтап, таратуға ықпал етеді.
- Естелік іс-шаралар енгізу: Санжар Асфендияровты еске алуға арналған жыл сайынғы конференцияны өткізу және медицина мен ғылым саласындағы жетістіктер үшін Асфендияров атындағы шәкіртақы тағайындау қажет.
- Ынтымақтастық: Конференция қатысушылары Санжар Асфендияровтың мұрасынан шабыттанып, медицина мен ғылым саласындағы халықаралық байланыстарды кеңейтуді қолдайды. Бұл ғылыми нәтижелермен алмасуды, халықаралық бағдарламаларға қатысуды және шетелдік университеттермен бірлескен жобаларды дамытуға ықпал етеді.
- «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ – КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҒАЛЫМ-ТАРИХШЫ, ДӘРІГЕР, ПРОФЕССОР» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыру және өткізу нәтижелі деп есептеу қажет. Конференцияға қатысушылардың баяндамаларының материалдары бойынша жинақ шығару ұсынылады.
- Конференцияға қатысуға өкілдерін жіберген ұйымдар және құрылымдық бөлімдердің басшыларына зор алғыс пен ризашылық білдіреміз.
Конференция қатысушылары университет басшылығына конференцияны өткізуге ұсынған мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді және олардың бастамалары мен жұмыстарын одан әрі қолдауға шақырады, сонымен қатар отырыстарда белсенділік танытқан конференция қонақтарына алғыс білдіреді.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/с-ж-асфендияровтың-туғанына-135-жыл-толу/