«Салауатты тамақтанудың заманауи трендтері мен басымдықтары» атты Халықаралық студенттік конференция өтті
«Нутрициология» кафедрасы 16 қазан «Бүкіләлемдік салауатты тамақтану күніне» орай «Салауатты тамақтанудың заманауи трендтері мен басымдықтары» атты Халықаралық студенттік конференция өткізді.
Конференцияға С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация өндіріс технологиясы» мектебінің «Халықаралық медицина факультетінің» студенттері, магистранттар, Әл- Фараби ат. ҚазҰУ ПОҚ -ы мен студенттері, сонымен қатар АҚШ-да «Болашақ» бағдарламасымен тағылымдама өтіп жүрген нутрициология кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессоры Беисбекова А.Қ., Дюкейн Университетінің (АҚШ) Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулықты басқару басқармасының магистратура студенті Харшита Раманан онлайн қатысты.
Барлық баяндамашылар қазіргі тамақтануда туындап отырған өзекті мәселелерді шешуге және салауатты тамақтануды насихаттаудағы оңтайлы шешімдері мен тиімді ұсыныстарын өте қызықты, мазмұнды түрде ұсынды. Конференция қатысушылары мен Университеттің Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары департаментінің басшысы – Абдрахманова З.Б. баяндамашылардың және көптеген заманауи ғылыми деректеріне сұрақтары мен пікірлерін білдірді.