«Саналы ұрпақ» бағдарламасы аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық гуманитарлық оқулық қоғамдық сананы жаңғыртудың бастауы» атты тақырыпта конференция өтті
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ–нің ғылыми кітапханасында 19.09. 2019 жылы университеттің этикалық кеңесің ұыйымдастыруымен «Саналы ұрпақ тәрбиелеу» бағдарламасы аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: гуманитарлық оқулық қоғамдық сананы жаңғыртудың бастауы» атты конференция өтті.
Конференцияға ортопедиялық стоматология, қазақ тілі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедралары және ғылыми кітапхана мен бірінші курс студенттері қатысты.
Алғашқы болып этикалық кеңестің төрағасы профессор Ж. Г. Мұстафина «Тіл және мәдениет аралық коммуникация» тақырыбында сөз сөйлеп студенттерге медициналық қызметтің өте жауапты екендігін айтып олар жан жақты дүниетанымы және мәдени құндылықтары жоғары маман болу қажет екендігін айтты. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық қазіргі жастарға гуманитарлық салада өз білімін жоғарлатуға мүмкіндік беретіндігін жеткізді.
Келесі кезекте ортопедиялық стоматология кафедрасының профессоры И.А. Кұльманбетов өзінің жаңадан шыққан қазақ-орыс-ағылшын тілдеріндегі стоматологиялық терминдер сөздігін студенттерге таныстырды және студенттерге дүниетанымдық өсиетін айтып, гуманитарлық оқулықтарға мән беріп, жақсы білім алуға талап етті.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Г.А. Мәлік «Гуманитарлық білімнің философиялық-әлеуметтік бағыттары» атты тақырыпта сөз сөйлеп, қазақ тіліне аударылған кітаптардың ерекшелігімен ондағы артықшылығын студенттерге түсіндірді.
Қазақ тілі кафедрасының доценті Р.Н. Дәрменкұлова «Тіл татулық тірегі» атты тақырыпта шетел студенттеріне мемлекеттік тілді үйренудегі әдістемені презентация және видео ролик ретінде көрсетті. Шетел студенттерінің қазақ тілін меңгерудегі керемет жетістіктерімен бөлісті.
Конференция соңында халықаралық мектептің студенттері өздерінің қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде шығармашылық өнерлерін көрсетті және қазақ тілі кафедрасының доценті Т. Зайсанбаев домбырамен: «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып» әндерін орындады. Ғылыми кітапхана «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атауымен кітапхана қорындағы әдебиеттерден топтастырылған кітап көрмесін ұйымдастырды.